Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

2019 жылдың 9 айының қорытындысы

Орман шаруашылығы
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры 3,7 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,6 млн.га.
Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 14 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 1026 мамандары мен қызметкерлері атқарады.

2019 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 3997,2 текше метр, оның ішінде кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау 700 текше метр. Дайындалғаны 2165,5 текше метр немесе 54 %.
Ұзақ мерзімге орман ресурстарын пайдалануға 55 тендер өткізіліп, 886 келісім шарт жасалды. Оның ішінен орман ресурстарын пайдаланушылардың өз еркімен жазған өтініштері бойынша және келісім-шарттың талаптары орындалмағаны үшін 335келісім-шарт, соның ішінде 2019 жылы – 109 келісім шарт бұзылды. Бүгінгі күнге 551 келісім-шарт бойынша орман пайдаланушылар орман ресурсын пайдалануда.
2019 жылы күзгі және көктемгі мезгілдерде орман қоры жерлеріне 424,0 га жерге орман ағаштарын өсіру жоспарланып отыр, соның ішінде: 210,9 га көшетпен отырғызу, 213,1 га тұқыммен егу.
Көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары 91,3 га жерде жүргізіліп, 327,8 мың екпелер мен көшеттер отырғызылды. (шырша, өрік, алмағаш, жиде, қайың, қарағаш). Екпе ағашты толықтыру 135,2 га жерде жүргізілді.   

Орман тұқымбақтарында 2,0 га. жерге ағаш тұқымдары себілді. 9,2 га. жерде арша, самырсын, Шренк шыршасы, көгілдір шырша, Қырым қарағайы, шығыс бозаршасы, терек, қайың, шаған, емен, тал, қына ағашы, сирень, катальпа, грек жаңғағы және Сиверс алмағаштарының барлығы 208,4 мың дана екпелері тұқымбақтық мектеп бөліміне егілді.

Елді мекендерді көгалдандыруға 89,3 мың түпкөшет босатылды, 11,5 млн теңге қаржы түсті.(2018 жылы көгалдандыруға 123,8 мың дана көшет босатылды, 17,1 млн. теңге қаржы түсті).
2019 жылдың басынан бері ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 695 рейд жүргізілді. 25 заңсыз сүрек кесу оқиғалары анықталып, кесілген сүрек85,16текше метрді құрады. Келтірілген залал көлемі 2578,5мың теңге. Оның ішінде, өндірілгені 418,5мың теңге. 25 заңсыз сүрек кесу оқиғалары құқық қорғау органдарына өткізілді.
Жалпы ОШКММ 61 хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл 594,6 мың теңге толығымен өндірілді. Орман шаруашылығына келтірілген залал бойынша:
- орманның сарқынды сулармен, өнеркәсіп тастандылармен, қалдықтармен және шығындылармен бүлінуден 8 оқиға тіркеліп 20,7 мың тенге залал келтіріп, толығымен өндірілді.
- орман заңдылықтарын өзге де бұзушылардан 22оқиға тіркеліп, 234,8 мың теңге залал келтіріліп, толығымен өндірілді.
- орман қоры жерлерінде өз еркімен шөп шабу, мал жаюдан 31 оқиға тіркеліп, 397,4мың теңге залал келтіріліп, 389,8 мың теңге өндірілді.

Орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 59 км минералдық жолақтар жаңадан жасалыну жоспарланып, оның 43 км орындалды. 2085 км минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілу жоспарланып, оның 1832 км орындалды, өрт қауіпсіздігі тақырыбында 880 дана аншлаг, панно, билбодтар жаңадан орнатылды, 1550 міндеттемелер мен ескертулер орман қоры жеріне шекаралас отырған шаруашылықтарға таныстырылып таратылды, 2289дана үнбеттертаратылды, 270семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Теледидарға 4 сұхбат берілді және газет, журналдарға 160мақала жарияланды.
2019 жылы Мемлекеттік орман қоры аумағында11 орман өрті тіркелді.Жалпы ауданы 465,9 га, орманмен көмкерілген 250,9 га, орманды емес аумақ215,0 га.Келтірілген залал – 9622,7 мың теңге. Оның ішінде:
«Күрті орман шаруашылығы» КММ Тау-Құм орманшылығында екі орман өртті тіркелді, жалпы ауданы – 29,5 га, оның ішінде (22.03.2019ж.)бір орман өрті орманмен көмкерілген9,5 га., келтірілген залал - 107,8 мың теңге; екінші орман өрті (15.04.2019 ж.) орманды емесаумақ20,0 га., келтірілген залал – 27,5 мың теңге;
«Бақанас орман шаруашылығы» КММ Көктал орманшылығының (15.04.2019ж.) орман қоры аумағында орманмен көмкерілгені13,7 га., келтірілген залал – 242,6 мың теңге;
«Үштөбе орман шаруашылығы» КММ Қаратал орманшылығының (26.04. 2019 ж.) орман қоры аумағында орманды емесаумағы1,2 га., келтірілген залал – 19,6 мың теңге;
«Ұйғыр орман шаруашылығы» КММ Жоғарғы-Іле орманшылығының (13.05. 2019 ж.) орман қоры аумағында орманмен көмкерілгені 134,0 га., келтірілген залал - 1471,1 мың теңге;
«Жаркент орман шаруашылығы» КММ екі орман өрті тіркелді. Бірінші орман өрті ( 13.05.2019 ж.) Іле орманшылығында 129,0 га ауданда, оның ішінде орманмен көмкерілген 59,6 га., орманды емесаумағы 69,4 га.келтірілген залал - 1344,5 мың теңге. Екінші орман өрті (07.08.2019 ж.) Лесновка орманшылығында 111,5 га, оның ішінде орманнмен көмкерілгені 19,9 га, орманды емес аумағы91,6 га., келтірілген залал - 4399,4 мың теңге;
«Кеген орман шаруашылығы» КММ Екіаша орманшылығының (22.07.2019 ж.) орман қоры аумағында (найзағайдан) орманмен көмкерілгені 0,01 га., келтірілген залал - 29,0 мың теңге;
«Алакөл орман шаруашылығы» КММ Үшарал орманшылығында (18.04.2019 ж.) орман қоры аумағында орманмен көмкерілгені 1,8 га., келтірілген залал - 67,7 мың теңге;
«Талдықорған орман шаруашылығы» КММ Қора орманшылығында (08.08.2019 ж.) 23,5 га аумақта, оның ішінде орманмен көмкерілген 4,2 га, орманды емес аумағы 19,3 га., келтірілген залал - 762,9 мың теңге. Екінші өрт (13.08.2019 ж.) жалпы аумағы 21,7 га, оның ішінде орманмен көмкерілген 8,2 га, орманды емес аумағы 13,5 га., келтірілген залал –1150,6 мың теңге.
Авиа және жер үсті химиялық өңдеу жұмыстары 2513,7 гектар жерде,оның ішінде Талдықорған ОШКММ – 400,0 га., Ұйғыр ОШКММ – 13,7 га. үш мәрте, Үйгентас ОШКММ – 2000,0 га.(Авиа), Алакөл ОШКММ –100 га. аумақта жүргізілді.

Жануарлар дүниесі
2019 жылға облыс бюджетінен зиянкес жыртқыштарды жоюға 9,07 млн. теңге бөлінген. Жылдың басынан орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен 342 зиянкес жыртқыштар жойылды, оның ішінде 209 қасқыр және 133 шиебөрі. Аталған шараларға 5,5 млн. теңге игерілді. 

Жылдың басынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметкерлерімен, сонымен қатар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен 39 рейд және тексерістер өткізілді. Жалпы 54 табиғат заң бұзушылықтар анықталды. Табиғат заңдылығын бұзушыларға 909000 теңге айыпұл салынып, 40 табиғат заң бұзушылардан 454500 теңге өндірілді.   

Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 82,2 млн. теңгеге балық аулауға 141 рұқсат берілді. Сонымен қатар жалпы соммасы 36,8 млн. теңгеге аң аулауға 934 рұқсат берілді.

Табиғатты қорғау іс-шаралары
Облыстық табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2019 жылы 10 іс-шара жоспарланды, атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен бөлінгені – 452,1 млн. теңге (2019 жылғы 01 қазанына дейін 189,1 млн. теңге игерілді), оның ішінде: 

Объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде:
1. Балқаш ауданының Топар сағасын механикаландырылған тазарту;
2.Қаратал ауданы Қаратал өзенінің сағасы тармағының арнасын механикаландырылған тазарту;
3.Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінің Қаратал өзенінің арнасын механикалық тазалау және түзеулеу;
4.Балқаш ауданында Бестамақтан бастап Шұбарқұнан арқылы Іле өзенінің Жиделі, Қосқызыл, Асаубай тармақтарын тереңдету және механикаландырылған тазарту.
«Балқаш ауданында Д.А. Қонаев атындағы көпір маңында Іле өзенінің арнасын механикаландырылған тазарту» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімі жүргізілуде.

Өзге де іс-шаралар атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша:
1.Панфилов ауданындағы уран кен орындарының үйінділерін рекультивациялауға техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
2.Бағдарламамен белгіленген мониторингтік нүктелерде атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, топырақтың және гамма фонның сапасының мониторингіжұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі ағымдағы қараша айы.
3.Текелі қаласы үшін шекті рұқсат етілген шығарындылар жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі ағымдағы қараша айы.


Су ресурстары
2019 жылға Алакөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобаларын жасау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлінді.

Жобаларды экологиялық сараптама
2019 жылдың 9 ай аралығында Экологиялық сараптамаға 673 жоба түсті. Экологиялық сараптамаға түскен жобалар ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қаралып, 649 жобаға оң қорытынды берілді, 24 жоба келісімсіз қайтарылды.
Табиғат пайдаланушылардан 2019-2028 жылдарға және мерзімсіз негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат алуға 1194 сұраныс қабылданып 1152 рұқсат рәсімделді. 42 өтінім бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданды.


Орналастырылған күні: 30.10.2019 11:26

Өзгертілген күні: 30.10.2019 11:28:07

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх