Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -3 oC

Алдын ала ескерту - қарулы деген сөз !!!

Кәсіпкерлерге арналған ақпарат, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті елдегі техникалық регламенттердің сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.«ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РМУ бұдан әрі Департамент Комитеттің аумақтық бөлімшесі бола отырып, КО және ЕАЭО ТР техникалық регламенттерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданады.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағында 49 техникалық регламент қабылданып 45 күшіне енді.

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық регламент дегеніміз - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну тауарларын өндіретін және өткізетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің КО 022/2011 «Азық-түлік тауарларын оларды маркілеу бойынша» техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауына ерекше назар аударғым келеді.Ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Департамент «ҚР ДСМ КККБТУ Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті» РМУ-мен меморандумға қол қойды.Осы жылдың 10 айындағы бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша, Алматы облысының 46 өндірушісі КО 022/2011 «Азық-түлік тауарларын маркілеу бойынша» талаптарына сәйкес келмеді.Әр нақты жағдай бойынша Департамент түсіндірме жұмыстарын жүргізді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.

Азық-түлік өнімдері саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган өз қызметінде ТР КО 021/2011 «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» талаптарын, сондай-ақ КО ТР және ЕАЭО ТР қолданыстағы техникалық регламенттерін басшылыққа алатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және комитет болып табылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 802-бабы2-тармағына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып, іс жүргізуді болдырмайтын жағдайлар болмаған кезде және әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін көрсететін жеткілікті мәліметтер болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда аталған нормаларына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің облыстар мен қалалардағы департаменттері сәйкес емес таңбаланған нәтижелері бар сатып алынған үлгілердің сынақ хаттамасын аумақтық Департаментке қарауға және іс жүргізуші субъектілерге қатысты әкімшілік іс қозғауға жіберуге құқылы.

Департамент Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар жеткізетін Алматы облысының барлық кәсіпкерлерінің назарын КО 022/2011 «Азық-түлік өнімдері олардың таңбалануы бойынша» талаптарын қатаң сақтауға аударады.

Техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын дұрыс қолдануға қатысты барлық сұрақтар бойынша тел. 8 728 2 245528.


Орналастырылған күні: 27.12.2019 16:29

Өзгертілген күні: 27.12.2019 16:32:05

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх