Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC
Алматы облысы Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінде ауыл құру және оған «Достық» атауын беру туралы

Алматы облысы Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінде ауыл құру және оған «Достық» атауын беру туралы


«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ұйғыр ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінің солтүстігінде жалпы алаңы 53,2 гектарды құрайтын ауыл құрылсын және оған «Достық» атауы берілсін.
2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Байжумановқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Орналастырылған күні: 13.03.2020 12:20

Өзгертілген күні: 13.03.2020 12:20:42

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх