Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2018 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоғамның көлік инфрақұрылымы сапалы қызметтеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жолаушы көлігінің жұмысын ұйымдастыру және автомобиль жолдарының қызмет атқаруын қамтамасыз ету саласында жергілікті деңгейде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері болып табылатындар:

- жергілікті деңгейде жолаушы көлігінің жұмысын ұйымдастыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуде реттеу және бақылау;

-  автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

- экономиканың және халықтың автомобиль тасымалдарына, басқа жұмыстар мен қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

- жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау;

- халықаралық автомобиль тасымалдары нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттігі үшін жағдайлар жасау;

- автомобиль тасымалдарының ішкі нарығын қорғау;

- автомобиль көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту.

Алматы облысының облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6138,6 шақырымды құрайды.

2018 жылдың 01 қазанына облыстық және аудандық маңызы бар жағдайы жақсы және қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 78,0%-ті құрады, биылғы жылдың соңына дейін 78,1% дейін жеткізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта облыстық желінің 12,9% жолдары асфальтбетон (қара) төсемге ие, 71,9% - қара-қиыршықтас төсем, 13,4% - қиыршық-қиыршықтас төсем, 1,8% - төсемсіз (грунттық).

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз автокөлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы жөндеу мен ұстауға 16 048,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен – 4790,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 11258,1 млн. теңге. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді қаржыландыру серпінінің өсуі 2016 жылы – 14% (12,797 млрд. теңге), 2017 жылы - 2% (13,014 млрд. теңге), 2018 жылы – 23% құрады.

Алматы облысының туристік кластерін дамыту мақсатында облыс әкімінің тікелей қолдауымен Алакөл ауданы Ақши ауылынан демалыс аймақтарына баратын автомобиль жолдарының 0-23,8 шақырымын қайта жаңғырту жүргізілді. Жобаның құны 3035,519 млн. теңгені құрады. Объект пайдалануға берілді.

Балқаш жағалауына демалыс аймақтарына баратын жолдарды: «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай», км 0-110 Ақсу ауданы, «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі», км 113-117 Сарқан ауданы, «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай»,км 0-35, «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі», км 113-117 Сарқан ауданы автомобиль жолдары учаскелерінде құбырларды бөлшектеу жұмыстары басталды.

Еңбекшіқазақ ауданында Шарын шатқалына кірме жолды, км 0-11,17 А-6 «Көкпек-Кеген-Қырғызстан шекарасы-Тюп» автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта 4 км жөнделді. Объектіні аяқтау мерзімі ағымдағы жылғы қараша айының соңына жоспарланған.

Жоспар бойынша 2018 жылы 11 км автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жоспарланған, оның ішінде қазіргі уақытта 6 км жаңғыртылды, төлем кестесіне сәйкес 1,061 млрд. теңге игерілді. Жыл басынан автожолдарды қайта жаңғырту мен салуға, сондай-ақ ЖСҚ, ТЭН әзірлеуге 2839,3 млн. теңге бөлінді (оның ішінде РБ – 2391,430 млн. теңге, ЖБ – 4479 млн. теңге).

«Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ», км 94-122 Ескелді ауданының автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күні жоспарланған 7 км жолдың 3,5 км қайта жаңғыртылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 39,2 км автомобиль жолдарын күрделі жөндеумен қамту жоспарланған, оның ішінде бүгінгі күні 21 км жөнделді. ЖСҚ әзірлеуге 3303,7 млн. теңге бөлінді. 2018 жылдың 1 тамызына төлем кестесіне сәйкес 1440,2 млн. теңге – 100% игерілді.

2015-2017 жылдары басқарма Балқаш, Көксу, сарқан, Қаратал, Ақсу аудандарында 8 апатты көпірді күрделі жөндеу жүргізді және Іле ауданында 2 көпірді қалпына келтірді, бірақ бұл жеткіліксіз және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көпірлерде қауіпсіз, үзіліссіз көлік қозғалысын қамтамасыз етудегі үлесі тым мардымсыз.

2015 жылға дейін көпірлердің, су өткізу құбырларының, шағын жасанды құрылыстардың техникалық жағдайына тиісті көңіл бөлінбеді, соның салдарынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көпірлердің жағдайы апатты жағдайға жетті, қазіргі уақытта автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында оларды қысқа мерзімде қалпына келтіру қажеттілігі туындады, себебі бір көпірлік өтпенің бұзылуы тек бір ауылдық округ шекарасында ғана емес тұтас өңірде уақытша әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа алып келуі мүмкін. Басқарма облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы апаттық көпірлерді қалпына келтіру мәселесін бірнеше рет көтеріп, көпірлік өтпелерді қайта жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге, кейіннен аталған жобаларды іске асыруды бастауға қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы ресми сұраулар да жолдады.

Осыған байланысты Басқарма 2017-2020 жылдардағы кезеңге көпірлерді кезеңді түрде қалпына келтіру бағдарламасын әзірледі. Ұсынылған бағдарламаға сәйкес 2017 жылы көпірлерді кезеңді түрде қалпына келтіру үшін 2017-2018 жылдары облыс әкімінің тікелей қолдауымен апаттық деңгейі 1-ші дәрежелі 31 көпірлік өтпені орташа және күрделі жөндеуге техникалық және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 252,855 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта 7 көпірді орташа жөндеу жұмыстарын орындауға 489,598 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 24 көпірді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Көпірлерді күрделі жөндеу жүргізу бюджет қаражатының бөлінуіне қарай 2019 жылға жоспарланған.

Жоспар бойынша 2018 жылы орташа жөндеумен 281,5 км автомобиль жолдарын қамту жоспарланған, бұл 2017 жылға қарағанда 22%-ке артық. Осы мақсатқа 7548,4 млн. теңге бөлінді, 127,8 км автомобиль жолдары жөнделді және автожолдардың келесі учаскелері пайдалануға берілді: «Алматы 1-ст. Шамалған-Ұзынағаш», км 29-52 (ауыспалы) Қарасай ауданы. 2018 жылы «Алматы-1-Винсовхоз-Чапаев» жолының 10 км жөнделді, км 0-22 (ауыспалы) Іле ауданы. А-2 «Өзб. Р. шекарасы (Ташкентте)-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы, Қырғызстан Р. шекарасына кірме жолмен» А-2 жолының 4,93 км, Панфилов ауылына кірме жол», км 0-4,93 Талғар ауданы. Су өткізу құбырларын жөндеуге және техникалық құжаттама әзірлеуге 44,0 млн. теңге бөлінді.

1 тамызға жоспар 4018,376 млн. теңгені құрады, игерілуі – 100%.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстары барысында автожолдың елді мекендер арқылы өтуі кезінде жобалық-сметалық құжаттамада жаяужолдар мен жиектастар орнату (ауыстыру) жұмыстары қарастырылған.

Бүгінгі күні облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 14 км жиектас орнатылды, оның ішінде:

1) «Шонжы-Көлжат-Кетмен-Шалкөде» автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша, км 21,1-24,1 Райымбек ауданы, 5 км жиектас орнатылды.

2) «Ұзынағаш-Ынтымақ-Қарғалы» автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша, км 0-11+760 Жамбыл ауданы, 1 км жиектас орнатылды.

3) «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш-Прудки-Қырғызстан шек., Шамалған ауылына кірме жол» автомобиль жолын күрделі жөндеу бойынша, км 0-8 Қарасай ауданы, 3 км жиектас орнатылды.

Мердігер ұйымдар орындайтын жұмыстардың сапасын бақылауды техникалық қадағалау инженерлерінің қызметі, сондай-ақ Басқарманың облыс аудандары бойынша жауапты мамандары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға сәйкес құрылысты техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын іріктеме бақылау бойынша аттестатталған және тексерілген жабдығы бар ұйым инженерлері жүргізетін тексерулер жүзеге асырылады.

2018 жылы ағымдағы жөндеу мен ұстауға (оның ішінде облыстың 16 ауданы мен 2 қала маңындағы автожолдарды қысқы ұстауға (208974,7м2)) 2357,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 2018 жылғы көктемгі кезеңде су тасқыны зардаптарын жоюға:

Ақсу ауданы бойынша - 50,744 млн. теңге

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша - 68,179 млн. теңге

Жамбыл ауданы бойынша - 10,000 млн. теңге

Қарасай ауданы бойынша - 2,5 млн. теңге.

Ағымдағы жөндеу және ұстау бойынша жоспар (оның ішінде қысқы ұстау) 1 тамызға 1085,200 млн. теңгені құрады, 100% игерілді.

Көктемгі-жазғы кезеңде жол жиегін тегістеу, шөпті шабу, қураған ағаштарды кесу, жол төсемі шұңқырларын жөндеу, жол белгілерін орнату, жүріс бөлігі мен жүргіншілер жолын белгілеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күнге 208974,7 м2 шұңқырлы жөндеу жүргізілді.

Қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін уақытша жол белгілерін орнату ("Тайғанақ жол", "Жылдамдықты шектеу" және тақтайшалар), жүріс бөлігін қардан тазарту және жолдың тайғанақ учаскелеріне құм себу жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар ҚҚМ, ЖЖМ, көмір және т.б. дайындау, неғұрлым қажетті орындарға ҚҚМ жеткізу (таулы асудағы өр, еңістер, қозғалыс қарқынды қиылыстар, аялдама (автобус) алаңдары және т.б.) жұмыстарын жүргізуде.

Жолаушы көлігі

Облыстың маршрут желісі бүгінгі күні 211 машруттан тұрады (облысаралық - 8, ауданаралық (қалааралық облысішілік) - 61, қала маңындағы - 77, қалаішілік - 45, кентішілік - 2).

Қолданыстағы маршруттарға сыйымдылығы мен модификациясы әртүрлі (резервті ескере отырып) 1259 автобус бекітілген. Жоғарыда аталған маршруттарда жолаушылар мен багажды тасымалдауды 27 тасымалдаушы жүзеге асырады (21 заңды тұлға және 6 жеке кәсіпкерлер).

1 км қашықтыққа тарифтің орташа құны:

- облысішілік маршруттар бойынша 5,5 - 6,5 теңге;

- облысаралық маршруттар бойынша 4,5-6 теңге;

- қалалық маршруттар бойынша ең жоғарғы тариф Талдықорған қаласында - 80 теңге, Қапшағай қаласында - 70 теңге, ең төменгі тариф Текелі қаласында - 50 теңге.

Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне сәйкес 2018 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 430,3 млн. жолаушы тасымалданған, 2017 жылдың тиісті кезеңіне өсім 105,1%-ке жетті, жолаушы айналымы шақырымына 6856,8 млн. жолаушыны құрады (2017 жылдың қаңтар-маусымына 105,1%).

2018 жылдың 8 айында маршруттарда 11 бірлік автокөлік құралдары жаңартылды, 2017 жылы жылжымалы құрамның 23 бірлігі жаңартылды.

Жолаушы автокөлік қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі 30,3% құрайды.

Облыс бойынша 2 автовокзал мен 6 автобекет жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 11 облысішілік және 12 облысаралық тұрақты маршруттар бойынша конкурстар өткізу жоспарланған.

Жазғы кезеңде "Алматы-Ақши-Көктұма" және "Талдықорған-Ақши-Көктұма" автобус бағыттары бойынша жолаушыларды тасымалдау ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 19 наурызында ҚР Премьер-Министрі Бірінші Орынбасарының төрағалығымен автобус тасымалдарын кешенді дамытуға қатысты кеңес өткізілді.

Оның қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне төмендегідей нақты тапсырмалар берілді:

- қалалық автобус маршруттарын субсидиялау үшін қажетті қаржы құралдарын есептеу жүргізу;

- қалалық автобус маршруттарын субсидиялауға қаржы бөлу үшін бюджетті нақтылау мәселесін қарастыру.

Қазіргі уақытта аталған бағыттағы жұмыстар қанағаттанарлықсыз.

Текелі мен Талдықорған қалаларында, сондай-ақ аудандарда тарифтер жөніндегі комиссиялар құрылмаған, облыс мәслихатының шешімімен әлеуметтік маңызды автобус қатынастарының тізбесі айқындалмаған.

Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызды автобус қатынастарын субсидиялауға қаржы көлемін айқындау қажет, әлеуметтік маңызды қатынастардың тізбесін және әлеуметтік маңызды автобус қатынастарын субсидиялауға қаржы көлемін бекіту үшін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына үш жылға (2019-2021 жылдар) бюджеттік өтінім енгізу керек. Қазіргі уақытта тек Қапшағай қаласының және Еңбекшіқазақ ауданының әкімдіктері ғана нақты жұмыстар жүргізген, тарифтер жөніндегі комиссия құрылған, оның қорытындысы бойынша Тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес 1 жолаушыға тарифтер белгіленген, субсидиялауға жататын 6 қалалық маршрут және 2 ауданішілік маршрут айқындалды және аталған маршруттар үшін қажетті субсидия сомасы 3 жылғы кезеңге 446,7 млн. теңгені құрады (2019 жыл - 148,9 млн. теңге, 2020 жыл - 148,9 млн. теңге, 2021 жыл - 148,9 млн. теңге).

Әлеуметтік маңызды автобус қатынастарын субсидиялау мақсатында жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік маңызды қатынастардың тізбесін белгілеу туралы" шешімінің жобасын әзірледі, оған Қапшағай қаласының 5 маршруты және Еңбекшіқазақ ауданының 2 ауданішілік маршруты енгізілді.

Тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға бағытталған шаралар жасы 7 жылға дейінгі автобустар паркінің үлесін ұлғайтады деп күтілуде.

Тиісті субсидиялауды қамтамасыз ету кезінде өзіндік және тартылған қаражат есебінен автопарк иелерінің жылжымалы құрамды қосымша жаңартуы күтіледі. Облыстық бюджеттен "Жетіген-Достық-Жетіген" бағыты бойынша әлеуметтік маңызды ауданаралық теміржол маршруты субсидияланады, бұл мақсатқа 85,0 млн. теңге қарастырылған.

Қатынас аптасына 3 рет жүзеге асырылады, 12 вагон іске қосылған, 2018 жылдың шілдесінен тамызына дейін қызмет көрсетіледі.Тасымалдаушы - "Туран-Экспресс" жолаушы компаниясы" ЖШС.

Көліктің балама түрін дамыту мақсатында 2017 жылдан бастап "Талдықорған-Үшарал-Талдықорған" және "Астана-Үшарал-Астана" бағытындағы облыстық және республикалық бюджеттерден субсидияланатын әуе маршруттары ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы "Алматы-Үшарал-Алматы" бағытындағы жаңа әуе рейсі ашылды.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Маминнің облысқа жұмыс сапары кезінде берген тапсырмасы бойынша Талдықорған қаласын басқа облыс орталықтарымен байланыстыратын әуе рейстерін субсидиялау мәселесі қарастырылды. Аталған тапсырманы орындау үшін 2018 жылға ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне "Талдықорған-Павлодар-Талдықорған", "Талдықорған-Өскемен-Талдықорған", "Талдықорған-Қарағанды-Талдықорған","Талдықорған-Шымкент-Талдықорған" бағытындағы әуе рейстерін субсидиялау туралы хат жолданды.

"Жетісу" авиакомпаниясы" АҚ өңірлік авиажелілер үшін ұшақтар сатып алу бойынша негізгі оператор болып белгіленді. Қазіргі уақытта чех өндірісіндегі "L-410" ұшақтарын сатып алу мәселесі пысықталуда.

"Boeing" "Airbus", "ИЛ-76" сияқты әуе кемелерін қабылдау үшін Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының көтеру қабілетін күшейтіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді.

   

 


Орналастырылған күні: 16.11.2018 11:08

Өзгертілген күні: 16.11.2018 11:11:46

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх