Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC
Облыс әкімінің халық алдындағы есебінің қорытындысы

Облыс әкімінің халық алдындағы есебінің қорытындысы


Алматы облысында 2020 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есепті кездесу өткізуі туралы АҚПАРАТ

Мемлекет Басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында 2020 жылдың 13 қаңтары мен 19 ақпаны аралығында барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындармен 779 кездесу өткізді, оларға 103381 тұрғын қатысты, 2136 адам жарыссөзде сөйлеп, өздерін толғандырған мәселелерді көтерді.

Барлық деңгейдегі есепті кездесулерге тұрғындардың белсенді қатысуын және барынша қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында кездесулер өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті БАҚ- тарда, әкімдердің ресми сайттарында және «Zhetysupress», «ВКонтакте», «Инстаграм», «Фэйсбук» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында есепті кездесулерді өткізу кестелері және азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау әдістері туралы ақпарат жарияланды.

Есепті кездесулер барысында аудандық бағыныстағы қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне және облыстық бағыныстағы қала, аудан әкімдеріне 661 (жолдарды жөндеу мәселесі - 120, экология, санитарлық тазалық және абаттандыру мәселесі – 107, білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу және жөндеу - 98, елді мекендерді электр қуатымен, газбен, телефонмен қамтамасыз ету – 76, ауызсу мәселесі - 54, тұрғын үй мәселесі - 15, жер мәселесі - 17, басқа мәселелер бойынша - 174) ұсыныстар айтылды. Оның 245 – іне сол жерде жауаптар беріліп, 416 мәселені шешу және жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, олардың орындалуы әкімдіктердің отырыстарында тоқсан сайын қаралатын болады.

Он үш ауылдық округ әкімдерінің атына сын ескертпе айтылды.

Әкімдердің халықпен қорытынды есепті кездесулері өткізілгенге дейін қоғамдық кеңестердің отырыстарында әкімдердің, мәслихат хатшыларының және қоғамдық кеңестер төрағаларының есептерін тыңдау және талқылау ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің есепті кездесуі онлайн режимде, тұрғындармен ашық диалогта, конструктивті бағытта өтті. Президиум және сөз сөйлеушілер болған жоқ. Оған 1161 адам (560 – залда, 601- бейне конференц. байланыс арқылы) қатысты.

Есептік кездесу облыс әкімдігінің zhetysu.gov.kz ресми сайтында және «Жетісу» телеарнасы арқылы тікелей көрсетілді.

Кездесу барысында облыс әкіміне 53 сұрақ қойылды (29 - ауызша, 13 - жедел байланыс желісі, 6 - «Инстаграм», «Фэйсбук» әлеуметтік желілері, 5 - облыс әкімдігінің ресми сайтына, олардың ішінде: жолдарды жөндеу - 4, білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу және жөндеу - 4, ауыз су мәселесі – 1, экология, санитарлық тазалық және абаттандыру - 6, елді мекендерді электр қуатымен, газбен, қамтамасыз ету - 7, тұрғын үй мәселесі - 11, жер мәселесі- 3, басқа мәселелер бойынша - 17).

Бүгінгі күнге сұрақтардың барлығына (26.02.2020) жауаптар мен түсініктемелер берілді. Екі тұрғынды облыс әкімі ү.ж. 24 ақпанда жеке қабылдап, олардың өтініштерін қарастды.

Тікелей көрсетілім барысында жедел байланыс желісі арқылы тұрғындардан келіп түскен 13 өтініш пен сұрақтарға жауап берілді.

Облыс әкімі А. Баталов Іле, Қаратал, Қарасай, Талғар, Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласы әкімдерінің есепті кездесулеріне қатысты. Есептік кездесу аясында облыс басшысы 157 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олардың 40-ына түсініктеме берілді, 33-інің өтініштері орындалу барысында, 84 өтініш бақылауға алынды.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихаттың хатшысы, аудандық бағыныстағы қала, Боралдай кенті, ауылдық округ әкімдері және облыстық бағыныстағы қала, аудан әкімдері 634 қабылдау өткізіп, оның барысында 2093 азаматтың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Оның ішінде: 229 тұрғынның көтерген мәселелері оң шешімін тапты, 1488-іне түсініктеме берілді, 376 ұсыныс бақылауға алынды.

Күнделікті негізде 13 қаңтар 20 ақпан аралығында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында есепті кездесулер жөнінде 460-тан аса материалдар жарияланып, репортаждар шығарылды. Оған 15 республикалық, 3 қалалық, 17 аудандық, 3 облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің есепті кездесуіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы, «Нұр Отан», «Бірлік», «Ауыл», «Ақ жол», «Жалпыұлттық социал-демократиялық», «Қазақстанның халықтық коммунистік» партияларының, үкіметтік емес ұйымдардың, электрондық сайттардың өкілдері, блогерлер, республикаға белгілі кәсіпкерлер қатысты.

Орналастырылған күні: 26.02.2020 16:04

Өзгертілген күні: 27.02.2020 09:58:32

Облыс әкімінің 2020 жылғы есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Файлы:  Жүктеу (80.5 КБ, doc)

Орналастырылған күні: 26.02.2020 15:00

Өзгертілген күні: 11.03.2020 12:26:55

Алматы облысының әкімі халыққа есеп беру кездесуі барысында облыс әкімдігінің ресми сайтына келіп түскен сауалдар

Файлы:  Жүктеу (39.44 КБ, docx)

Орналастырылған күні: 26.02.2020 12:20

Өзгертілген күні: 27.02.2020 12:21:05

Алматы облысының әкімі А.Баталовтың халыққа есеп беру кездесуі барысында «жедел байланыс желісі» арқылы келіп түскен сауалдар

Файлы:  Жүктеу (61.26 КБ, docx)

Орналастырылған күні: 26.02.2020 11:26

Өзгертілген күні: 28.02.2020 11:27:54

Алматы облысының әкімі халыққа есеп беру кездесуі барысында облыс әкімі баспасөз қызметінің «Инстаграм» және «Фейсбук» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына келіп түскен сауалдар

Файлы:  Жүктеу (50.06 КБ, docx)

Орналастырылған күні: 26.02.2020 10:21

Өзгертілген күні: 28.02.2020 11:28:13


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх