Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

Қазақстан Ұлттық Банкі


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Файлы:  Жүктеу (614.22 КБ, pdf)

Орналастырылған күні: 20.02.2020 15:09

Өзгертілген күні: 20.02.2020 15:10:12

«Күлтегін» ескерткіш банкнотасы

Орналастырылған күні: 31.01.2020 11:07

Өзгертілген күні: 31.01.2020 11:08:16

Тұрғындардың назарына!

Жуырда валюта айырбастауға қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді! 

Орналастырылған күні: 30.01.2020 15:30

Өзгертілген күні: 30.01.2020 15:32:25

2019 жылғы 25 қарашадағы № 272 Заңы

25.11.2019 ж. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272 Заңы (бұдан әрі-Заң) қабылданды.

Заңның мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заңнамаларды жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін электрондық нысанға ауыстыру және оңтайландыру болып табылады.

Cонымен қатар Заңда Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарымен «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті оңтайландыру үшін:

-        қызмет көрсету мерзімін он бес жұмыс күнінен он жұмыс күніне қысқарту;

-        мемлекеттік қызмет көрсету аясында ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқарту қарастырылған.

Толығырақ ақпарат алу үшін Ұлттық Банктің Алматы облыстық филиалының мынадай байланыс телефонына 8(7282) 55-95-05 хабарласуыңызға болады.

Орналастырылған күні: 27.12.2019 15:06

Өзгертілген күні: 27.12.2019 15:07:25

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі – Филиал), қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия негізінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны алу үшін «egov.kz» электрондық үкіметтің веб-порталына өтініш беріледі. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензия және оған қосымша қазақ және орыс тілдерінде құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде беріледі.

Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашу үшін қолданыстағы лицензияға қосымшаны алады, ол қазақ және орыс тілдерінде құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

Толығырақ ақпарат пен консультация алу үшін Филиалдың төменде көрсетілген телефон номерлеріне хабарласуға болады: 8 (7282) 55 95 07.

Орналастырылған күні: 27.12.2019 15:05

Өзгертілген күні: 27.12.2019 15:05:55

Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу тәсілдері

Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі – Филиал) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.04.2015 ж. №71 қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтердің стандарттары - «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» бекітілді.

Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы тізілімін жүргізу қағидаларында көрсетілген құжаттармен қоса өтінішті Филиалға ұсынуы тиіс.

Өтініш «электрондық үкімет» веб-портал арқылы электронды түрінде беріледі.

Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуге қатысты туындаған барлық мәселелер бойынша Қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің мамандарына мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8(7282) 55-95-05, мекенжайы: Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64-үй.

 

ҚР Ұлттық Банкінің
Алматы облыстық филиалы

Орналастырылған күні: 30.09.2019 10:50

Өзгертілген күні: 30.09.2019 10:51:06


Ақпарат 7 - 12 из 150
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец
Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх