Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +11 oC

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер

  Қажетті құжаттар Қызмет көрсету мерзімі Қызмет құны және төлеу тәртібі Қызмет көрсету нәтижесі

1

Оралман мәртебесін беру

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (3.4МБ, pdf)       ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу 

Өмірбаян (еркін нысанда).

Отбасы отағасы, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің өлшемi 3х4 санитметр екi-екіден фотосурет.

Көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (ықтиярхат куәлігі, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктері және қазақ ұлтына жататынын растайтын тағы басқалары).

 

5 жұмыс күні

Тегiн

Оралман куәлігін алу

2

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (4.6МБ, pdf)       ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.

"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.

Өтінішті толтырыңыз және өз  ЭЦҚ қол қойыңыз.

Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызмет алушының (жұмыс берушінің) шетелдік жұмыс күшін қатыстыруға рұқсатты қайта ресімдеу немесе алу үшін:

Өтініш.

Маусымдық шетелдік қызметкерлерді қатыстыруда: қатыстырылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

Өзге шетелдік қызметкерлерді қатыстыруда: алдыңғы және ағымдық күнтізбелік мерзім үшін берілген рұқсаттардың ерекше талаптарын орындау туралы ақпаратты қамтитын құжат,  орындау мерзімі орын алған алдыңғы және ағымдық күнтізбелік жыл үшін (ерікті нысанда).

Мәліметтер: білім туралы заңдастырылған құжаттардың нотариалды расталған  аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылса, көшірмелері).

Жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат.

Тартылатын шетелдік қызметкер және шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартының нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударумен).

Қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға келісім шарттың нотариалды расталған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өзінің қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік түзусіз жүзеге асырса, келісімшарт бойынша қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасына өзінің жұмыскерлерін жібереді).

Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға жұмыс берушінің келісімшарты, шартының нотариалды расталған көшірмесі  (шетелдік жұмыскерлердің  күнтізбелік жыл ішінде 60 күнтізбелік күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктері аумағында шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін орындауы қажет болған жағдайда ).

Кадрлармен жергілікті қамту туралы ақпарат  (келесі субъектілерді қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар, дербес жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік жұмыскерлер, сондай-ақ жұмыс беруші арнайы экономикалық аймақ аумағына шығу елімен және басым жобалар бойынша квоталар аясында рұқсат беріледі).

Жеке куәлікте немесе паспортта көрсетілген деректерге сәйкес ауыстырылатын жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты, мамандықтарын немесе кәсіптерін, ауыстыру мерзімін көрсетумен ұжымдық  ауыстыру туралы шетелдік заңды тұлғаның келісімі және (немесе) хаттың нотариалды расталған аудармасы  (егер шетелдік қызметкер ұжымдық ауыстыру аясында тартылса).

Рұқсат берудің ерекше талаптарын келісу нысаны.

Қарашығанақ, Солтүстік-Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын өндірушілер үшін кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша нотариалды расталған көшірмесі, сондай-ақ операторлар, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың өздерімен қатыстырылатындар  (жергілікті қамту бойынша кадрлармен жергілікті қамту бойынша талаптарды таратпау).

Қосалқы мердігерлердің өздерімен қатыстырылатын ұйымдарды қоспағанда, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар  ұйымдар, олардың операторлары, Қарашығанақ, Солтүстік-Каспий және Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушылар үшін қызметтер көрсетуге шарттан немесе бірлескен қызмет туралы шарттан немесе жер қойнауын пайдалануға келісімшарттан нотариалды расталған үзінді (көшірме)  (кадрлардағы жергілікті қамту бойынша талаптарды орындау қажеттілігі болмаған жағдайда).

 

рұқсатты беру  – 41 жұмыс күні;
рұқсатты қайта ресімдеу  31 жұмыс күні;
рұқсатты ұзарту  –8 жұмыс күні;
жұмысқа орналасуға рұқсатты беру және ұзарту  – 31 жұмыс күні;
жұмысқа орналастыруға рұқсатты қайта ресімдеу  –3 жұмыс күні.

Тегін 

Қайта ресімделген рұқсат және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға ұзартылған рұқсат

3

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (4.2МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

Порталда авторлану немесе тіркелу

Электрондық сұраныс жолдарын толтыру және «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгейлі банкте («Ұлттық банк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ) жеке шоттың нөмірін (IBAN) көрсету. 

Егер өтініш беруші немесе отбасы мүшесі жұмыссыз болса, Еңбек нарығы АЖ тіркелу 

ЭЦҚ көмегімен электрондық сұранысқа қол қою. 

Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады 

Қызмет алушының жеке куәлігі.

Туу туралы акт жазбасынан көшірме немесе баланың туу туралы куәлік.

Баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен қызмет алушының деректері сай келмеген жағдайда некені тіркеу туралы куәлік.

Құжаттар түпнұсқасы негізінде толтырылған отбасы құрамы туралы мәліметтер.

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер және нысан бойынша отбасы мүшелерінің алынған табыстары туралы мәліметтер.

Отбасының тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат.

Ескерту:

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.

Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.

 

ХҚКО, қызмет берушіге жүгінгенде  – қызмет беруші құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап  – 7 (жеті) жұмыс күні;  

ауылдық округ құжаттар пакетін алған сәттен бастап  – 22 (жиырма екі) жұмыс күні 

 

Тегiн

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап

4

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Стандарт  (29КБ, docx)     Регламент (3.6МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу:  

 отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй қатынастары саласындағы өкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының бірлескен табысын есептеу тәртібін анықтайды;

тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшотар;

коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есепшоттар;

телекоммуникация қызметіне берілген түбіртектер-есепшоттар немесе байланыс қызметін көрсетуге арналған шарт көшірмесі;

жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемінің көлемі туралы жергілікті атқарушы орган ұсынған есепшоттар 

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы») көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Қосымша: бірге берілетін құжаттардың  рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек

Қызметті ХҚКО-да немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында/бөлімінде алу

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Өтініш

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, және оның көшірмесі.

Отбасының табысын растайтын құжаттар (өтініш берудің алдындағы 3 айда отбасының әрбір мүшесінің табысы туралы анықтама. Отбасының жалпы табысын қалай есептеуге болады).

Тұрғын үйді ұстауға арналған ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшоттар (үйдің жалпы қажеттіліктеріне, үйге қызмет көрсетуге, есептеуіштер, жөндеу, үйдің жалпы коммуналдық қызметтері және т.б жұмсалатын шығындар).

Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есептеуіштер.

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.

Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Тұрғын үй көмегі азаматтарға төмендегілерді төлеу үшін ұсынылады

жекешелендірілген тұрғын үйлерде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорында жалға алушы болып табылатын азаматтардың тұрғын үйді ұстауына жұмсалатын шығындар;

коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтер;

әкімдік жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйді пайдалану үшін жалдау төлемдері;

электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құны.

 

10 күнтізбелік күн

Тегін

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе одан бас тарту туралы  дәйекті жауап.

5

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

Стандарт  (205КБ, docx)   Регламент (3.6МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту

Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Онлайн өтініш беру "оралман" мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес.

Қызметті мемлекеттік органда және ХҚКО алу (қажетті құжаттар)

Жеке басын куәландыратын құжаттар:

Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт);

шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;

оралмандар – оралман куәлігі;

Еңбек жолын куәландыратын құжаттар (еңбек кітапшасы).

 

5 жұмыс күні

Тегін

Жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алу.

6

Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (3МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

 Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) жолдамамен танысу және Жұмыспен қамту басқармасына жүгіну.

Қызмет Астана және Алматы қалаларының және облыстық, аудандық орталықтардың тұрғындары үшін қолжетімді.

"Оралман" мәртебесі бар адамдарға портал арқылы өтініш беру қолжетімсіз.

Өтініш беруші тіркелген жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз адам ретінде тіркелген болуы тиіс (онлайн тіркелу).

Ескерту. Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру келесілерді қамтиды:

жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге жолдама беру;

жұмыссыз азаматтарға қоғамдық жұмыстарға жолдама беру;

жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа тұру үшін жолдама беру;

жұмысқа орналасу үшін жолдама беру;

жұмыссыз азаматтарға кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан және біліктілікті арттырудан өтуге жолдама беру;

азаматтар мен жұмыссыздарға кәсіби бағдарлауға тегін қызмет көрсету.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

Жеке басын куәландыратын құжат:

Қазақстан азаматтары – жеке куәліктері (паспорт);

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар – Қазақстан Республикасындағы шетелдікке ықтиярхат және ішкі істер органдарында тіркелуі туралы белгі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

оралмандар – оралман куәлігі;

Мемлекеттік қызметке жүгіну орны бойынша өкілеттік органда берілетін өтініштің толтырылған нысаны.

 

1 жұмыс күн

Тегін

Жұмыссыз азаматтардың кәсіби бағдарлануына жолдама беру немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап алу.

7

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

Стандарт  (205КБ, docx)   Регламент (3.6МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

 Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру және  ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).  Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).

Егер өтініш беруші немесе отбасы мүшесі жұмыссыз болса, Еңбек нарығы АЖ тіркелу 

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

*Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік деңгейінен төмен (ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 %) адамдар орташа жан басына шаққандағы табыс және кедейлік деңгейі арасындағы айырмашылық түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құқылы. 

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

Отбасы құрамы туралы мәліметтер.

Адамның алынған табыстары туралы мәлімет (өтініш иесі отбасының мүшелері).

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер.

Мекенжай анықтамасы.

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында жасалған әлеуметтік келісімшарт.

 

Атаулы әлеуметтік көмекті алуды табыстар туралы құжаттарды ұсына отырып, тоқсан сайын растау керек.

 

Порталда, ХҚКО, Басқармада – 7 жұмыс күні
Тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне - 22 жұмыс күні

Тегін

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап. 

8

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау

Стандарт  (205КБ, docx)   Регламент (2.8МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

 Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру және  ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).  Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Портал арқылы бұл қызметті мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер) және әлеуметтік маңызды бар аурулары бар адамдар ала алады.

Қазіргі уақытта қызмет Астана қаласының тұрғындары үшін ғана қолжетімді.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

Жеке куәлік.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат.

Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер.

Адамның табыстары туралы мәліметтер (отбасы мүшелері).

Қиын өмірлік жағдайдың орын алуын растайтын құжат және/немесе акт.

 

8 жұмыс күні

Тегін

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап алу.

9

Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (3МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қажетті құжаттар

Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы).

Жұмыс орнынан анықтама.

Екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

 

10 жұмыс күн ішінде

Тегiн

Әлеуметтік көмекті  тағайындау немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап

10

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу

Стандарт  (205КБ, docx)    Регламент (3.7МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу

Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.

Банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт.

1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті), болған кезде – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса – ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы сот шешімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, азаматтар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен жүгіну үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.

 

Істердің макеттерін арнайы комиссияларға жіберу - 5 жұмыс күні ішінде
Арнайы комиссияларды тіркеу туралы шешім қабылдау - 20 күннен артық емес, қажет болған жағдайда мерзім 1 айға ұзартылуы мүмкін

Тегiн

Тіркеу немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

11

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

Стандарт  (205КБ, docx)  Регламент (3МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту

Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Онлайн өтініш беру "оралман" мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес.

Қызметті мемлекеттік органда және ХҚКО алу (қажетті құжаттар)

Өтініш.

Жеке басын куәландыратын құжат:

ҚР азаматтары – жеке куәлік (паспорт);

шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар – ҚР-да шетелдіктің ықтиярхаты және азаматтығы жоқ тұлғаның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;

оралмандар – оралман куәлігі.

 

Портал, ХҚКО арқылы- 15 минут
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында - 10 минут

Тегін

Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап. 

12

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (2.2МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедек-балалар, мүгедектер үшін.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және Ұлы Отан Соғысы мүгедектеріне кепілдіктері және жеңілдіктері бойынша теңестірілгендер үшін  – белгіленген үлгідегі куәлік.

Ұлы Отан Соғысына қатысушылар үшін  – протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну қажеттілігі туралы тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның қорытындысы.

Заңды тұлғаны тарату немесе жеке кәсіпкер-жұмыс берушінің қызметін тоқтату туралы құжат және бақытсыз жағдай туралы акт  - заңды тұлғаны тарату немесе жеке кәсіпкер-жұмыс берушінің қызметін тоқтатқан жағдайда жұмыс берушінің кінасы бойынша алынған кәсіби ауру немесе еңбекте мертігеуден мүгедек болғандар үшін  – заңды тұлғаны тарату немесе жеке кәсіпкерлің-жұмыс берушінің қызметін тоқтату туралы құжат және бақытсыз жағдай туралы акт.

Ескерту

Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

 

10 жұмыс күн ішінде.

Тегiн

Протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты жеткізу

13

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

Стандарт  (205КБ, docx)    Регламент (2.4МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу 

Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:

Ата-аналардың бірінің (қамқоршылар/қорғаншылар) жеке басын куәландыратын құжат, мүгедек-балалардың - жеке куәлігі, заңды өкілінің және/немесе қызмет алушының жеке куәлігі.

Кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін  – баланың туу туралы куәлігі.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме.

ҰОС қатысушылары және мүгедектері үшін  – Ұлы Отан соғысына қатысушының жеке куәлігі (мүгедек).

Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне кепілдіктер және жеңілдіктері бойынша теңестірілген адамдар үшін  – жеңілдікке құқық туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі.

Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін  - зейнеткерлік куәліктің көшірмесі.

ҰОС қатысушысы үшін-  медициналық ұйымның дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы.

Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 

Өтініш.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы.

Міндетті гигиеналық құралдарды қамтамасыз ету бойынша өтініш және келесі құжаттар :

Қызмет алушының және/немесе заңды өкілінің жеке куәлігі.

Мүгедек балалар үшін - ата-аналарының бірінің жеке куәлігі  (қамқоршылар, қорғаншылар).

Жеке сәйкестендіру нөмірі  - жеке куәліктегі жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме.

Мүгедектік туралы анықтама.

 

10 жұмыс күн 

Тегiн

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті  гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты жеткізу

14

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

Стандарт  (205КБ, docx)   Регламент (2.4МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу

Қызмет алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат. 

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме.

Мүгедектік туралы анықтама.

 

10 жұмыс күн ішінде

Тегiн

Құжаттарды рәсімдеу туралы ақпарат беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауап

15

Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (2.2МБ, pdf)       ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бар, белгіленген үлгідегі өтініш;

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;

Жұмыс беруші-жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы құжат және бақытсыз жағдай туралы акт.

Ескерту

Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.

 

10 жұмыс күн

Тегiн

Кресло-арба алуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізуді тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады

16

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (2.2МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу

Қызмет алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мүгедек-балалар үшін -жеке куәліктің көшірмесі немесе заңды өкілінің көшірмесі.

Денсаулық сақтау ұйымы берген санаторлық-курорттық картаның көшірмесі.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелуді растайтын құжат  (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық және/немесе село әкімінің анықтамасы).

Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмелері және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме.

Өтінішті басқа адам бергенде мүгедектің жазбаша келісімімен - оның жеке куәлігінің көшірмесі.

 

10 жұмыс күн ішінде

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

17

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (2.3МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу

Қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы).

Мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді).

Медициналық карта.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді).

Зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмелері.

Балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

 

14 жұмыс күн

Тегiн

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты жеткізу

18

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (2МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті мемлекеттік органда алу 

Жеке сәйкестендіру нөмірінің болуымен қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі.

Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

Медициналық  карта.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндіден көшірме  (қарттар үшін талап етілмейді).

Он сегіз жастан асқан адамдар үшін  – әрекетке қабілетсіз деп адамды тану туралы сот шешімінің көшірмесі  (бар болса).

Зейнеткерлік  жастағы адамдар үшін - зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысына қатысушы және мүгедектің және оларға теңестірілген адамдар  мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

 

17 жұмыс күн

Тегiн

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты жеткізу.

19

Өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік мекен-жай көмегін алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама беру 

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (3.6МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

Порталда авторланып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы арқылы көшу.

Өтінішті толтырып, өтінішке ЭСҚ-мен (электронды сандық қолтаңбамен) қол қою.

Жеке кабинетте («Қызметті алу тарихы» бөлімінде) өтінішті қарастыру нәтижелерімен танысу.

 

Қызметті аудандық/қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінде алу (қажетті құжаттар)

Жеке куәлік.

Бекітілген үлгідегі өтініш.

 

10 минуттан артық емес

Тегiн

Ағымдағы тоқсанда өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік мекен-жай көмегін алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама немесе дәлелді түрдегі бас тарту

20

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Стандарт  (205КБ, docx)     Регламент (3.4МБ, pdf)        ЭҮП сілтеме

 

Қызметті онлайн алу

 Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру және  ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

*Қызмет электрондық нысанда келесі қалалардың тұрғындары үшін қолжетімді: Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Арқалық, Арыс, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Кентау, Қостанай, Көкшетау, Курчатов, Қызылорда, Лисаков, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Рудный, Риддер, Сарань, Сәтпаев, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Текелі, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз. 

 

Қосымша: бірге берілетін құжаттардың  рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек

Қызметті акімдікте алу (қажетті құжаттар)

Қызмет алушының жеке куәлігі.

Мекенжай анықтамасы немесе ауылдық әкімнің анықтамасы.

Психологиялық медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы.

Мүгедектік туралы анықтама.

Банк шоты туралы мәліметтерді растайтын құжат.

Мүгедек-баланың үйде оқуын растайтын оқу орнынан анықтама.

 

10 жұмыс күні

Тегін

Жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама.

 


Орналастырылған күні: 30.11.2015 11:04

Өзгертілген күні: 05.12.2015 15:05:56

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх