Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC
Виртуалды қабылдау бөлмесі

Сұрақ-жауап


Сұрақ: Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов  мырзаға,
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Жастар» шағын ауданы, 37 үй, 6 пәтер тұрғыны Сапаргалиев Марат Тилеулиевичтен


Өтініш хат

Құрметті Амандық Ғаббасұлы!

       Мен, Сапаргалиев Марат Тилеулиевич, Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясында 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бері математика пәнінің мұғалімі болып қызмет істеп келемін. 2020 жылдың 24 сәуірінде мектеп басшысына «Алматы облыстық прокуратурадан»  «Заңдылықты бұзушылықты жою туралы» 06.04.2020 жылғы ұсыныс хат жіберіліпті.
       Мен 2010 жылы Талдықорған экономика-технологиялық колледжінде қызмет істеп жүрген кезімде маған қатысты қылмыстық іс жүргізілген болатын. Соңында маған арыз жазған адам кешірім беріп, «екі жақтың татуласуына» байланысты мені қылмыстық жауапкершіліктен босатқан еді. Артынан мен сол колледжде қызметімді жалғастырдым. Сол кездегі колледж басшылығы менің жақсы қызметім мен еңбекте көрсеткен жетістіктерімді ескеріп, қызметімде қалдырған болатын. 2011 жылдың 1 қыркүйегінде Талдықорған қаласындағы  №16 орта мектеп-гимназиясына математика пәні мұғалімі болып жұмысқа ауыстым. Сол күннен бері математика пәнінен ұстаз болып келемін. Бұл мектепте де көптеген табыстарға жете алдым. Ұстаздар арасында өтілетін қалалық конкурсқа қатысып, номинант иегері атандым. Осы соңғы тоғыз жыл ішінде үш мәрте қалалық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталдым. Сабақ беретін сыныптарым Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде өте жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді. Осыны ескеріп Талдықорған білім басқармасының ұсынуымен, Алматы облысы білім басқармасының жіберуімен Астана қаласына Ұлттық тестілеу орталығына Ұлттық  бірыңғай тест тапсырмаларын құрастыру жұмыстарына төрт рет қатысып келдім. Өзім мектепті медальмен,  жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен аяқтап бітіргенмін. Биылғы оқу жылында да Алматы облысы білім басқармасының тапсырмасымен 2020 жылғы мектеп бітірушілерге арналған Мемлекеттік емтихан тапсырмаларын құрастыру тобына да қатыстым. Осы еңбегім үшін Алматы облысы білім басқармасы биылғы оқу жылы соңында осы еңбегім үшін Алғыс хат бермекші еді. Қазір жоғары санатты, «педагог-зерттеуші» санатындағы мұғаліммін.
       Қазір №16 мектеп-гимназиясы басшылығы   2020 жылдың 24 сәуірінде мектеп басшысына «Алматы облыстық прокуратурадан»  «Заңдылықты бұзушылықты жою туралы» 06.04.2020 жылғы ұсыныс хат негізінде маған ұстаздық жұмыс істеуге болмайды деп отыр. Яғни 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалім болуыңа болмайды деп отыр. Бірақ мектеп-гимназиясының басшылығы да мені жұмыстан шығарғылары келмей отыр, тек келіп түскен ұсыныс хат кедергі болып тұр.
       Осы №16 орта мектеп-гимназиясында қызметім барысында шәкірттерім де қалалық, облыстық конкурстар мен олимпиадаларға қатысып, үнемі жүлделі орындар алып келеді.
       Менің екі балам бар, біреуі жас отбасын құрып менің отбасыммен бірге тұрады. Жас нәрестеліміз. Балаларымды да жақсы тәрбиелеп, білімді де, өз Отанын сүйетін азаматтар етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерімді салып келемін. Екі балам да менің жолымды қуып, ұстаздық мамандық алған. Қазір енді-енді еңбек жолдарын бастап келеді.
       Жоғарыда айтылған, 2010 жылғы қозғалған іс бойынша мені қылмыстық жауапкершіліктен босатқан кезде, ұстаздық қызметіңді жалғастыра беруіңе болады деп айтқан еді.   Маған заң орындарында қызмет істейтін адамдардың түсіндірулері бойынша, жоғарыда айтылғандай жұмыстан шығарып жіберу тек 2015 жылдан бері қарай қылмыстық іс қозғалған тұлғаларға ғана қатысты деп отыр.
       Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясы басшылығы егер Үкімет рұқсат берсе қызметіңді жалғастырта беретін едік деп отыр.      
       Сіздерден Өтінішім, жас кезімдегі қателігім үшін қызметімнен шығара көрмеңіздерші. Барлық күшімді, білімімді Отаныма, еліміздің болашақ жеткіншектеріне жақсы білім беру жолына арнауға Уәде беремін!  


                                      Өтініш хат иесі:               Сапаргалиев М.Т.

Жауап

Сұрақ:
Мен,  Жакипбекова Жаксыгуль Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Заводская 1а, 22б пәтерде турамын. Мен Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Ашимбайға үлкен рахметімді айтқым келеді. Мына короновирусқа қатысты карантин кезінде, осындай қыйын кезде маған өз көмегін көрсетіп отыр, яғни азық-түлік себетімен көмектесті. Менің мәселем аяқсыз қалмай тез арада шешілді. Алғысым шексіз. Алла риза болсын.

Қаралуда

Сұрақ: Алматы облысының әкімі  А.Баталов мырзаға

Қүрметті облыс әкімі, мен Жамбыл ауданының тұрғыны Кұсайын Абжанұлы Ұзынағаш ауылында дәріханада қызымет істеймін, Алматы қаласында карантин басталғалы дәріханаларға дәрә-дәрмек ала алмай отырмыз, себебі Алматы қаласындағы дәрі-дәрмек таратушы қоймалар сыртқа дәрілерді шығаруға ұлықсат ала алмай отырмыз дейді. Осы жұмыс қашан қалай тезіреі шешілер екен. Жауап күтемін.
Мамбетрзаев  Құсайн Абжанұлы

Жауап

Сұрақ: Құрметті, Алматы қаласының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы ! Мен Талғар ауданы Панфилов ауылының жергілікті тұрғыны Бейсембай Назерке Сәбитқызы, сізге ауылымыздағы маңызды да, түйіткілді мәселе бойынша жазып отырмын. Біз Панфилов ауылына қарасты ҮАК-ның бойындағы Айманова №141 үйде, яғни  жаңа құрылыста тұрамыз. Үйімізден Құлжа жолына шығу үшін 2 шақырым жолды жаяу жүріп өтуге мәжбүрміз. Жолда кезігетін қаңғыбас иттер мен маскүнем адамдар өмірімізге қауіп төндіреді. Жұмысқа Алматы қаласына қатынайтын болғандықтан қыстыгүні үйден өте ерте  (05.45-06.00) шығамыз. Дала өте қараңғы. Әсіресе балалы-шағалы жүретін жас отбасыларға, тіпті жаяу қатынау үлкен қиындық тудырады. Талғар ауданы әкімдігіне өтініш білдірдік. Алайда бұл мәселе Алматы қаласы әкімінің қаралуымен шешілетіндігін айтты. Соған байланысты ҮАК трассасы бойымен қоғамдық автобустың жүруін өтініп сұрай отырып, жағдайдың өзіңіздің тікелей басқаруыңызбен шешілгенін қалаймыз.
                                                                                                        8701 828 78 06

Жауап

Сұрақ: Құрметтті, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы! Мен Жетіген ауылының тұрғыны Арғынбаев Арман, сізге ауылымыздағы маңызды мәселе бойынша жазып отырмын. Ауылымыздағы маңызды мәселелердің бірі жол және жарық мәселесі болып тұр. Жетіген ауылы Ұлы-Тау көшесіне ауылдық әкімдіктен жыл сайын жол салып беруін сұраймыз. Ешқандай нәтиже жоқ. Әкімдіктің бар берер жауабы «ақша бөлінбеді». Алда көктем шығып келеді, балалардың сабаққа барып-келуі қиындайды. Көлікпен жүру тіпті мүмкін емес. Жарықтың  жай, желсіз күндердің өзінде өшіп қала беруі жиі орын алуда. Электросеттің бастығына барсақ, «көшелерің планда жоқ» деген сөзді айтады. Сондықтан, жағдайдың өзіңіздің тікелей басқаруыңызбен шешілгенін қалаймыз.

Жауап


Страницы: 1 2 След.

2014 - 2015 жылдары жіберілген өтініштер мұрағаты

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх