Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC
Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің назарына!

Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің назарына!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1 бабына сәйкес, тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілері мен сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруіне, егер бұл әрекет бәсекелестікті болғызбауға, шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса, тыйым салынады. Сонымен бірге, тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар, монополияға қарсы органға жыл сайынғы сатып алу жоспарын тиісті интернет-ресурста орналастыру жағдайын қоспағанда, оны бекітілген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей, өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын береді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 163-1-бабында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

           Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар деп:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;

2) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар;

3) пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

4) табиғи монополиялар субъектілері түсініледі.

           

 

БҚДКД – Алматы облысы бойынша


Орналастырылған күні: 14.01.20 8:46

Өзгертілген күні: 14.01.2020 08:55:32

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх