Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
200 мүйізді ірі қарадан 197 бұзау алған «Байсерке-Агро»

200 мүйізді ірі қарадан 197 бұзау алған «Байсерке-Агро»

200 мүйізді ірі қарадан 197 бұзау алған «Байсерке-Агро»

Мүйізді ірі қараның қазақстандық «Ақбас» тұқымынан 97% және «Әулиекөл» тұқымынан 99% (200 сиырдан 197) бұзау алған, Канададан жеткізілген етті бағыттағы және 70 литрға дейін сүт беретін сиырлардың «Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының мал басы санын арттырып, бұзауларының тәулігіне 1-1,5 келі салмақ қосуына мүмкіндік жасап отырған, сүттің сауылуынан өңделуіне дейінгі процестерді толықтай автоматтандыруға көшірудің нәтижесінде сүттің құнарлылығын жоғалтпай, сапасын арттырып, әр сиырдың сүт беруіне байланысты азықтандыру мөлшерлемесін нақты есептеп беретін роботтарды қолданып жүрген заманауи технологияларды өндіріске алғашқылардың бірі болып енгізіп жүрген, сондай-ақ мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығындағы өнімділік көрсеткіштерін арттыруға да үлкен көңіл бөліп келе жатқан «Байсерке-Агро» агрокешенінің Талғар ауданындағы базасында республикамызда тұңғыш рет «Егінжай күні» аталып өтті.

Аталмыш шараға ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы А.Мамытбеков, ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі Комитетінің төрағасы С.Омаров, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ.Қалиев, Алматы облысының әкімі А.Баталов, республикамыздың барлық облыстары әкімдерінің ауылшаруашылығы саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен ауылшаруашылығын дамытуға ынталы бірнеше жүздеген азаматтар қатысты.

«Ауыл шаруашылығында инновацияларды тиімді қолдану» тақырыбына арналған семинардық ашылуында сөз алған өңір басшысы Амандық Баталов өз сөзінде семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп, мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде ауылшаруашылығын дамытудағы қолға алынып жатқан жұмыстар мен олардың осы күндегі нақты нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар облыс әкімі еңбек тиімділігі мен өнімділікті арттыру, қалдық көлемін мейлінше азайту, бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өндіріс барысында заманауи, инновациялық және ғылымдағы соңғы жетістіктер мен жаңалықтарды барынша кеңінен енгізу қажеттігін жеткізді.

Осыдан кейін сөз кезегі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Асылжан Мамытбековке берілді. Спикер өз сөзінде «Бизнес - білім мен ғылым – үкіметтік қолдау» үштігі жұмыстарды тиімді жүргізген жағдайда ғана аграрлық саланың тасы өрге домалап, оның нәтижелерін осы аталған тараптармен қатар халық та сезінетіндігін нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Сондай-ақ А.Мамытбеков еліміздің климаттық ерекшеліктері мен мал және егін шаруашылығымен айналысуға жайлылығы – біздің әлемдік нарыққа өзіміздің сапалы өнімдерімізді шығарып, бәсекелістікке түсе отырып, айтарлықтай пайда табуымызға үлкен мүмкіндіктер беретіндігін, ал үкімет тарапы шағын отбасылық фермалардан бастап агрохолдингтерге дейінгі барлық субъектілерге қажетті қолдауды көрсетуге әзір екендігін жеткізді.

Келесі болып сөз алған «Байсерке-Агро» агрохолдингінің Президенті Темірхан Досмұхамбетов өз шаруашылығында мал және егін шаруашылығын дамыту бағытында қолданып келе жатқан тәжірибелерімен бөлісіп, осы саланы жетілдірудегі тың идеялары мен ұсыныстарын айтып, семинарға қатысушылардың көпшілігіне мотивация ретінде әсер етті.

Айта кету керек, агрохолдинг жетекшісі үнемі отандық және әлемнің ауылшаруашылығы дамыған елдеріндегі өздерінің озық идеялары мен ғылыми жетістіктерін ұсынатын,аталған саланың дамуына үлесін қоса алатын ғалымдарды, білікті әрі еңбекқор мамандарды және жоғары, орта кәсіптік оқу орындарының үздік түлектерін өзіне тарту арқылы, егін шаруашылығындағы өнімділік көрсеткішін 80% дейін жеткізген. Және де қарастырылмаған әрі артық шығындарды қысқартудың жолын тауып, табысты анағұрлым арттыруға мүмкіндік жасаған. Осы ойларының барлығымен холдинг Президенті семинарға қатысушылармен бөлісті.

Осы семинарда ғалымдар мен шаруа қожалықтарының жетекшілері, бизнес өкілдері де тақырыпқа байланысты ойларымен бөлісіп, пікірлерді сараптап, ортақ шешімдер қабылдап жатты.

Өткен семинардың нәтижесі бойынша аграрлық ғылымды дамытудағы әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Осыдан кейін семинар қатысушылары ашық аспан астында бірнеше қатар болып, тіз қатар тізілген көрмедегі ауылшаруашылығы өнімдері, тыңайтқыштар, әуеден бақылайтын аппараттар мен ауылшаруашылығы техникаларының соңғы үлгілерімен танысты.

Бір сағаттық концерттік бағдарламадан кейін республикалық «Егіншілік күні» сұрақ-жауап форматында өткен дөңгелек үстелмен жалғасты. Республикамыздың әр түкпірінен бас қосқан ауыл шаруашылығының басы-қасында жүрген азаматтар осындай семинарлардан өздеріне қажетті мәлімет алып, тәжірибе алмасатындығын айта келе, алдағы уақытта да республикалық деңгейдегі ауқымды басқосудалдың жиі өтіп тұруына қатысты ұсыныс, тілектерін білдіріп тарқасты.


Көріністер:  1678

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.09.2018 16:46

Өзгертілген күні: 11.09.2018 10:50:10

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх