Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2023 жылға қарай Алматы облысы 300 мың тоннаға дейін ақ қант шығарады

2023 жылға қарай Алматы облысы 300 мың тоннаға дейін ақ қант шығарады

2023 жылға қарай Алматы облысы 300 мың тоннаға дейін ақ қант шығарады

Биылғы жылы Алматы облысында 525 мың тонна қант қызылшасы жиналып, одан 52 мың тонна қант өндіру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 10 айдың даму қорытындылары туралы өткізген брифингісінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Амандық Баталов өз баяндамасында Жетісу өңірінде қант қызылшасының өнімділігі артып, биылғы жылы гектарынан орташа 405 центнерді құрағанын, жекелеген шаруашылықтарда – 600-800 центнер болғанын жеткізді.

- Осы жылы Ақсу қант зауытында жомды кептіруге және брикеттеуге арналған жабдықтар орнатылды. Жом – ірі қара малын семіртуде таптырмайтын азық. Ол малға тәулігіне 1,2 кг. салмақ қосады. Сондықтан облыстағы бордақылау алаңдары үшін бұл қажетті өнім болмақ. Сол сияқты 2020 жылдан бастап Ақсу және Көксу қант зауыттары қант құрағы шикізатын өңдеуді бастайды, бұл 2023 жылға қарай 300 мың тонна ақ қант шығарып, елдің 485 мың тонналық сұранысының 60 процентінен астамын жабуға мүмкіндік береді, - деді Алматы облысының әкімі А. Баталов.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  452

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.11.2019 23:37

Өзгертілген күні: 20.11.2019 00:38:34

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх