Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Алматы облысында 2020 жыл Газдандыру жылы деп жарияланды

Алматы облысында 2020 жыл Газдандыру жылы деп жарияланды

Алматы облысында 2020 жыл Газдандыру жылы деп жарияланды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде 2020 жыл Газдандыру жылы деп жарияланғанын айтты. Қазіргі уақытта аймақтағы 144 елді мекен газдандырылып, газдандыру деңгейі 30,4 процентті құрап отыр. Бұл туралы Амандық Баталовтың есепті кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халық алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, Талдықорған қаласы ішіндегі желілердің құрылысы аяқталып қалды, қазір табиғи газ желісіне 9 мыңнан астам абонент қосылған. Текелі қаласына дейінгі газ құбыры, Үштөбе, Сарыөзек, Бақанас автоматтандырылған газ тарату стансалары салынды.

Биылғы жылы Текелі қаласында және Ескелді, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарының 91 елді мекенінде кентішілік желілердің құрылысы басталады. "Талдықорған - Үшарал" және Райымбек аудандарын қамти отырып "Шелек-Кеген" магистралды газ құбырларының құрылысын жобалау жүргізілуде. Барлығы 305,4 мың адам тұратын 97 елді мекен қамтылады. Нәтижесінде, 1,2 млн. адам немесе тұрғындардың  54 проценті көгілдір отынға қол жеткізеді.

- Бұл ретте газдандыру үшін инвесторларды тартамыз. Өткен жылы жалпы инвестиция көлемі 39,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 32,8 млрд. теңгесі – жекеменшік қаражат, яғни 1 теңге бюджет қаражатына 4 теңге жеке қаржыдан келеді. Мен өңірлерге барған кезде адамдар газға қосылу құнының қымбаттығына шағымданды. Аудан әкімдері инвесторлар тарту жұмысын баяу жүргізуде. Инвесторларды көбірек тарта отырып, бәсекелестік есебінен газға қосылу құнын төмендету керек. Мүмкіндігінше инвесторлар да шығындарының орнын толтыру мерзімін 5-7 жылға созсын. Жергілікті жерлерде жасалған жұмыстың нәтижесін халық көруге тиіс, - деді өз сөзінде А. Баталов. 

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  441

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 17:06

Өзгертілген күні: 19.02.2020 18:22:02

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх