Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Облыста екі жаңа өндірістік нысан ашылды

Облыста екі жаңа өндірістік нысан ашылды

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы маңында уақыт талабына сай жасақталған заманауи жеміс қоймасы жұмысын бастады. Алма мен өзге жемістерді сақтауға арналған тоңазытқыш қойма «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдауымен іске асырылды.

- Жоба еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан іске асырылатын АӨК дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жобаның жалпы сомасы – 6,5 миллиард теңге, оның 4,5 миллиардтан астамын Аграрлық несие корпорациясы ұсынды, ал қалған ақша – инвестордың өз қаражаты, - деп атап өтті өз сөзінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаев.

«Alma Mater Fields» компаниясының жобасын Корпорация кезең-кезеңмен 2017 жылдан бастап 2019 жылды қоса «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша қаржыландырды. Мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгеден артық тамшылатып суару және шпалерлік жүйе заманауи технологиясын пайдаланатын 120 және 90,5 га екі бақ отырғызуға, сондай-ақ реттелетін газдық ортасы бар 3600 тонна жеміс сақтау қоймасын құруға бағытталды.

Тоңазытқыш кешен өнімді қаз-қалпында 12 айға дейін сақтайды. Бұл отандық және шетелдік нарыққа балауса дәмді және шырынды жемістерді жыл бойы жеткізу мүмкіндігін тудырып отыр. Яғни, қыс мезгілінде қазақстандықтар жергілікті өнімді барынша төмен бағамен алуға қол жеткізеді.   

Жеміс қоймасы реттелетін газдық және ылғалдылық ортасы бар 18 тоңазытқыш камерамен жабдықталған. Кешеннің металл құрылысы Қазақстанда жасалған, қаптауы Ресейде өндірілген, ал барлық жабдық Голландиядан әкелінген.

Тағы да бір келешегі жарқын экспорттық жоба Қаратал ауданында іске қосылды. Үштөбе қаласының маңындағы Көкпекті ауылындағы қаңырап қалған ферманың орнында 1200 басқа арналған шошқа өсіру кешені жаңадан ашылды. Өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай еліне шығарылатын шошқа экспортына қойылатын талаптар хаттамасына қол қойды. Жыл сайын Қытай 57 млн. тонна шошқа етін тұтынады, бұл әлемде өндірілетін шошқа етінің - 52%. Аталмыш жайт қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнім экспортын үлкен нарыққа шығаруына мүмкіндігін береді.

Шошқа шаруашылығы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыратын инвестициялық жобалардың негізгі бағыттарының бірі. Шошқа өсіру кешенін «Қаратал» селекциялық-гибридтік орталығы» компаниясы іске қосты. Кешен құрылысы Аграрлық несие корпорациясының қарыз қаражаты есебінен жүзеге асты. Бұл кәсіпорында 60-тан астам жұмыс орны құрылатын болады.

Бүгінгі күні шошқа кешеніне даттық Ландрас және Йоркшир тұқымды 312 бас ұрғашы шошқаның бірінші партиясы жеткізілді. Өндірістік қуаттылығы жылына 13 мың тонна ет өндіруге қауқарлы. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған өз жемшөбімен қамтамасыз етілген. Оны Польшадан әкелінген өнімділігі 8000 кг/сағ. құрама жем кешені өңдейді.

- Біз селекциялық-гибридтік орталық ретінде жұмыс жасаймыз, яғни ет және асыл тұқымды материал жүзеге асырылатын болады, - дейді «Қаратал» СГО» ЖШС қаржы директоры Әлия Сұлтанова – Бұндай шошқа ұрғашысының тұқымын Қазақстанға ешкім әкелген жоқ, тіпті Ресей Федерациясында оның саны саусақпен санарлық. Осы бірегей жобаны іске асыруға негізгі қаржылық көмекті Аграрлық несие корпорациясы көрсетті.

Кәсіпорында тұйық өндіріс циклы жолға қойылған, яғни жануарлардың шағылысу кезінен бастап союға арналған тауарлық нысанға жету циклы қамтылған. Компания өнімді 2020 жылдың соңына қарай Қытайға экспорттауды жоспарлап отыр. Атап өтерлік жайт, инвестициялық жоба жылдық 8% сыйақы мөлшерлемесі бойынша қаржыландырылады.

2019 жылы Аграрлық несие корпорациясының инвестициялық жобаларды қаржыландыру сомасы 290 млрд. теңгені құрады.

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.


Көріністер:  702

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 20.01.2020 17:35

Өзгертілген күні: 20.01.2020 17:45:58

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх