Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір науқас ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір науқас ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір науқас ауруханаға жатқызылды

Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне «Короновирус инфекциясы» диагнозымен облыстың бір тұрғыны жатқызылды. Ол 17 наурызда Сауд Арабиясынан Ыстамбұл мен Бішкек арқылы ұшып келген. Бұл Алматы облысында тіркелген 1-ші, ал еліміз бойынша 53-і жағдай.

Сырқаттың айтуынша 19 наурыздан ауру белгілері байқала бастаған, ал 20 наурызда Қырғауылды ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Дәрігердің қарауынан кейін науқас Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөіліміне жеткізіліп, оқшауланған палатаға жатқызылған. Зертханалық тексеру жүргізіліп, COVID-19 тексті оң нәтиже көрсеткен. Қазір сырқаттың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Науқастың 11 адаммен байланыста болғаны анықталды, соның 4-еуі – өз отбасының мүшелері, 3-еуі – құлшылыққа бірге барғандар, 2-еуі достары. Байланыста болған басқалары анықталуда, облыс аумағында тұратын, сырқатпен байланыста болғандар провизорлық стационарға оқшауланады.

Сапардан келгеннен кейін науқастың Жамбыл облысы мен Алматы қаласында байланыс жасаған азаматтары туралы мәліметтер тиісті органдарға берілді. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  90

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 21.03.2020 16:02

Өзгертілген күні: 21.03.2020 16:09:12

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх