Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Алматы облысының тұрғындары ұнның 1 келісін 130 теңгеден сатып ала алады

Алматы облысының тұрғындары ұнның 1 келісін 130 теңгеден сатып ала алады

Алматы облысының тұрғындары ұнның 1 келісін 130 теңгеден сатып ала алады

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің төрағалығымен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен селекторлық жиын өткізілді. Жиында азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Жиында айтылғандай, ендігі жерде әкімдіктер ұн шығаратын «Азия Агро-фуд» компаниясымен ынтымақтаса жұмыс істейтін болады. Соның нәтижесінде Алматы облысының тұрғындары ұнның бір келісін 130 теңгеден сатып ала алады. Алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында әр адамға ұн тек бір қаптан сатылады. Жүргізілген мониторинг барысында кейбір аудандарда қант, күріш, картоп пен сүттің бағасы өскені байқалған. Осыған байланысты Серікжан Бескемпіров жауапты адамдарға азық-түлік бағасын жіті бақылауды тапсырды.

- Кейінгі кезде базарда, дүкендерде қолдан жасалған дүрлігу орын алды. Осыны пайдаланып, кейбір жауапсыз саудагерлер бағаны өсірген. Бүгінгі күні өңірде әлеуметтік маңызды тауарлар жеткілікті, алаңдауға негіз жоқ. Азық-түлік бағасының өсуіне әр әкім дербес жауап беретін болады, сондықтан бұл мәселені ерекше назарда ұстауды тапсырамын. Аудандар бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуі керек. Мысалы, Райымбек ауданында картоптың, Балқаш ауданында – күріштің, Қаратал ауданында пияздың қоры бар, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Еске салсақ, өңірде азық-түлік пен азық-түліктік емес тауарлардың бөлшек саудадағы бағасы мен қорына қатысты тұрақты күнделікті мониторинг ұйымдастырылады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 


Көріністер:  86

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 22.03.2020 18:47

Өзгертілген күні: 22.03.2020 18:49:18

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх