Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC
Қапшағайда Волоколамскіден әкелінген алау ұшқыны жағылды

Қапшағайда Волоколамскіден әкелінген алау ұшқыны жағылды

Қапшағайда Волоколамскіден әкелінген алау ұшқыны жағылды

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресейдің даңқты Волоколамск қаласынан топырақ пен мәңгілік алау ұшқыны Қапшағай қаласына әкелінді. Естелік символдары Қапшағайдағы орталық алаңда Даңқ мемориалына салтанатты жағдайда қойылып, мемориалдық тақта орнатылды.

Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев:

- Ұлы Жеңіс мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бізге Кеңес одағының батырлары Иван Панфиловқа және Бауыржан Момышұлына арнап бюсттері қойылған Волоколамскідегі Даңқ аллеясынан жауынгерлік естелік символдары жеткізілді. Бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ержүрек батырларымыздың ерлігі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы үшін мемориалдық тақта орнаттық. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Мәңгілік алау мәңгілік маздасын, - деді.

Шараға Волоколамскіде соғысқан майдангерлердің ұрпақтары, сол сияқты Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Алексей Демин қатысты.

Естеріңізге салсақ, жақын арада Қапшағай және Волоколамск қалалары бауырлас қалалар атанған. Бұл - болашақта бірлескен жобалар қолға алынады, тәжірибе алмасу жүзеге асырылады деген сөз. Бауырлас қалалар байланысын орнату туралы Қазақстан мен Ресей елшіліктері бастама көтерген.    


Көріністер:  1805

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.05.2015 16:27

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:57

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх