Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +16 oC

Ардагер ардақталды

Ардагер ардақталды

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе БПҰ-на ҰОС-ңың ардагері, Кеңес Одағының батыры И.Косенковтың есімін беру болды.

Қаратал аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Рысбек Тапенов:

-.«Біздің ұжым мүшелері аталған бастауыш партия ұйымының атауын Қазақстандағы көзі тірі жалғыз Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Косенков есіміне ауыстыру жөнінде облыстық партия филиалына ұсыныс жолдаған болатын. Бүгінгі жиналыста аталған мәселе көпшілік дауысқа салынып, бір ауыздан мақұлданды. Бастауыш партия ұйымына батыр жерлесіміздің есімі беріліп жатқанына ұжым мүшелері қуанышты», - деген ойын білдірді.

Сондай-ақ, көп жылдан бері аталған БПҰ-на жетекшілік еткен Күлмайра Сағындықова өз сөзінде «Бұл бастауыш партия ұйымы 1999 жылы құрылған. Ол кезде небәрі қатарымызда 55 адам ғана болатын. Бүгінде 433 партия мүшесіне дейін жетті. Иван Васильевич Косенков атындағы бастауыш партия ұйымы тек үздіктердің қатарынан көрінеді деген сенімдемін», - дейді партия мүшесі.

Айта кететін жайт, сұрапыл соғысқа Жетісу жерінен 120 мың адам аттанса, олардың арасынан 53 азамат «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болған. Бүгінде еліміз бойынша көзі тірі тек Иван Васильевич Косенков. «Алтын Жұлдыз» ордені, Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерінің, «Қаратал ауданының құрметті азаматы», «Құрметті теміржолшы» атақтарының және «Құрмет» Орденінің иегері Иван Васильевич Косенков 92 жаста.

Кездесу соңында аудан әкімі соғыс ардагеріне арнап арнайы ескерткіш орнату ұсынысын жеткізді.

 

 

Дополнительные картинки:  Загрузить (70.13 КБ, jpg)

Көріністер:  2233

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 04.02.2015 13:17

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:58

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх