Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC
Ардагерлерге ерекше ұялы телефондар табыс етілді

Ардагерлерге ерекше ұялы телефондар табыс етілді

Ардагерлерге ерекше ұялы телефондар табыс етілді

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына орай үстіміздегі жылы облыс көлемінде көптеген ауқымды шаралар жоспарлануда. Жалпы облыста Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге байланысты шаралар жаңа жылдың қарсаңында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Амандық Баталовтың соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, Елбасының құттықтау хатын табыстаудан басталған болатын. Бүгінгі күні өтіп жатқан «Өмір жолы» акциясы да осындай жұмыстарға негізделуде. Бүгінгі шара «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат Қоры мен республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің әріптестік меморандумына сәйкес, республика көлемінде «Жеңіс» жобасы аясында бастау алған болатын. Бүгін бұл шара біздің облыста жалғасын тауып отыр.  Қазіргі кезде облысымызда 366 Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар. Олар қажеттіліктеріне қарай курорттық емделумен, есту аппараттары, қоларбалар, протездік-ортопедиялық бұйымдар сияқты түрлі техникалық қосалқы және көмекші, гигиеналық құралдармен бірінші кезекте қамтылуда, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Шараның негізгі бөлігінде «Өмір жолы» қоғамдық қорының, «Евразия Медиа Форум» халықаралық қорының және «Билайн» АҚ «КарТел» ЖШС өкілдері арнайы облысқа келіп осы жоба аясында ардагерлерге дабыл түймесі орнатылған ұялы телефондарын табыстады.

«Өмір жолы» қоғамдық қорының директоры Э.Нұрбековтың мәлімдеуінше ұялы телефон басқа құрылғылардан батырмасы мен сандарының ірі болуымен ерекшеленеді. Бұдан басқа телефондағы дабыл түймесін басқан соң белгі Алматы қаласындағы сall-орталыққа түсіп, содан кейін 15 секунд ішінде тиісті аумақтағы медициналық мекемелерге, ІІД мен ТЖД түседі. Ол жерде отырған операторларда сапалы және жедел қызмет көрсету үшін облыс аумағында тұратын барлық ардагерлер (олардың туысқандары, көршілері) туралы толық мәліметтер жинақталған.

Аталған қызмет түрінен бөлек телефонда алғашқы 4 минуты тегін, қалған минуттары 1 теңгеден тұратын ерекше тариф жүйесі орнатылған. Барлық жедел қоңырау соғулар мен дабыл түймесі телефон баланасына қатыссыз жүргізіле береді.

  

  

Дополнительные картинки:  Загрузить (400.37 КБ, jpg) / Загрузить (187.55 КБ, jpg) / Загрузить (439.04 КБ, jpg) / Загрузить (426.6 КБ, jpg) / Загрузить (487.65 КБ, jpg)

Көріністер:  1973

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 11.02.2015 12:44

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:58

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх