Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +16 oC
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына Алматы облысының 21 елді мекені енгізілген

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына Алматы облысының 21 елді мекені енгізілген

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына Алматы облысының 21 елді мекені енгізілген

Ауылды жерлерде қолайлы өмір сүру ортасын құруға "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл бағдарламаны халық өте жақсы қабылдады. Ол Алматы облыс үшін аса маңызды, себебі халықтың 80 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Бүгін халық алдындағы есепті кездесуінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай деді.

Облыс әкімінің айтуынша, аталмыш бағдарлама бойынша былтырғы жылы жеті аудан орталығында ауруханаларды, мектептерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және ауыл іші жолдарын күрделі жөндеуге 6,1 млрд.теңге сомасына 45 жоба іске асырылды. Қазіргі кезде Алакөл, Балқаш, Ескелді, Көксу және Ұйғыр аудандарында бес дене шынықтыру -сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Осы жылы жылы 21 ауылда жалпы құны 14,4 млрд. теңгеге 37 жоба іске асырылады.

Биылғы жылы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 10,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Оған Ақсу, Қарасай, Кербұлақ, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында жеті саябақты күрделі жөнделіп, 117 аула мен 27 спорт алаңы абаттандырылады, 20 ауылда көше жарығы жүргізілмек.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


Көріністер:  254

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 18:31

Өзгертілген күні: 19.02.2020 18:33:06

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх