Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Ауыз су мен жол мәселесі – басты назарда

Ауыз су мен жол мәселесі – басты назарда

Өткен жылы Алматы облысына келген кезінде Президент екі маңызды міндетті – ауыз сумен қамтамасыз ету мен жол мәселесін тапсырған болатын. Осыған байланысты бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов есеп беру кездесуінде осы тапсырмалардың орындалу барысы жайлы айтты.

А. Баталовтың айтуынша, облыста орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 91 процентке жетті. Судың сапасы мен жетіспеушілігі проблемасы бар. Бұл үшін Еңбекшіқазақ аудандық және Қаскелең топтық су құбырларының құрылыстары жоспарланған, бұл өз кезегінде аталған аудандардағы 32 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сол сияқты биыл барлығы 330 шақырым су құбыры желісін салу, қайта жаңарту жоспарланған. Соның нәтижесінде таза ауыз суға тағы 5 ауыл қол жеткізіп, 21 елді мекенде қызмет сапасы жақсарады.

Өз сөзінде Амандық Баталов жол мәселесіне де тоқталды. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында "Талдықорған-Өскемен", "Үшарал-Достық", "Күрті - Бурылбайтал", "Ұзынағаш-Отар" көлік жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында барлық стандарттарға сай келетін шамамен 1526 шақырым тамаша жолдар іске қосылады, бұл облыстың транзиттік әлеуетінің одан әрі ұлғаюына жағдай жасайды.

«Жергілікті маңызы бар және ауыл ішілік жолдардың да сапасы төмен болмауы тиіс. Жергілікті маңыздағы жолдардың қазір 81% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылы бұл көрсеткіш 84 пайызға жетеді, облыстық және аудандық маңыздағы 492 шақырым жолдар, сондай-ақ 108 елді мекеннің ауыл іші жолдары жөнделеді», - деді облыс әкімі.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


Көріністер:  296

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 18:29

Өзгертілген күні: 19.02.2020 18:31:30

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх