Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Азаматтардың мәртебесін анықтау ісі жалғасуда

Азаматтардың мәртебесін анықтау ісі жалғасуда

Азаматтардың мәртебесін анықтау ісі жалғасуда

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашовтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Азаматтардың мәртебесін анықтау мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу жұмыстары туралы мәселе қаралған жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы З. Ілімжанова баяндама жасады.

З. Ілімжанованың айтуынша, өңірде бүгінгі күні мәртебесі анықталмаған 554,7 мың адам бар. Ал мәртебесі берілген азаматтар саны 537,8 мың адамды құрап отыр. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде 131 мың адам өзектендірілген.

Жалпы азаматтардың мәртебесін анықтау бойынша облыстың көрсеткіші әлі де тыңғылықты жұмыс істеуді талап етеді. Бұл істе жауапкершілік артылып отырған мемлекеттік мекемелердің ішінде «міндетті зейнетақы төлемдерінсіз жұмыс істеп жатқандар» санатын және «өзін өзі жұмыспен қамтушылар» категориясы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті, «Қоныс аударғандар» санатымен жұмыс істеуге тиіс Көші-қон полициясы басқармасының жүргізіп жатқан жұмыстары әзірге толыққанды нәтижеге жетпей, небары 15,5 – 40,0 %-ті құрап отыр.

Осы орайда облыс бойынша өзектендіру мәселесінде артқа тартып отырған аудандар да атап өтілді. Нақтырақ айтқанда, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ұйғыр, Қаратал, Ескелді, Қарасай аудандарында жұмыс баяу жүруде. Ал жұмыспен қамту бағдарламасына жұмыссыздар мен өзін өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар арасынан бір де бір адамды енгізбеген Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Кербұлақ аудандарының жұмысы сынға алынды.

Өзектендіру мәселесіне байланысты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, білім басқармасының, Көші-қон департаментінің, Әділет департаментінің басшылары және аудан, қала әкімдері хабарлама жасап, қабылданған шаралар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы жұмысына көңілі толмайтынын, бір апта уақыттың ішінде азаматтардың мәртебесін анықтау ісін ілгерілетуді аяқтауды тапсырды.

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты жүргізіліп жатқан өзектендіру, мәртебесін анықтау жұмыстары дер кезінде және сапалы атқарылуға тиіс. Жеті күн ішінде аудан, қала әкімдері, мемлекеттік органдар, өздеріңізге артылған жауапкершілікті абыроймен орындап, көрнекті нәтижеге жеткізуді тапсырамын, - деді Л. Тұрлашов.


Көріністер:  2934

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 26.02.2018 18:05

Өзгертілген күні: 26.02.2018 18:16:25

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх