Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
Балаларды мектепке тасымалдауға 70 жаңа автобус сатып алынады

Балаларды мектепке тасымалдауға 70 жаңа автобус сатып алынады

Балаларды мектепке тасымалдауға 70 жаңа автобус сатып алынады

Алматы облысының мектептеріне саяжайлық массивтерден, шағын ауылдардан 15,7 мың бала тасымалданып оқытылады. Оларды таситын автобустардың тозығы жеткен, жиі бұзылады, соған қарай қауіпсіздігі толыққанды қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты облыс әкімі Амандық Баталов халық алдындағы есеп беру жиынында жаңа автобустар сатып алынатынын айтты.

- Балаларды мектепке тасымалдау үшін 70 жайлы жаңа автобустар сатып аламыз деп шештік. Оған бюджеттен 1 млрд. теңге қарастырылды. Тозығы жеткен автобустар 100% ауыстырылады, - деді А. Баталов.

Сол сияқты облыс әкімі өз сөзінде қалалық және ауылдық мектептердегі білім беру жағдайларын теңестіруге жасалып отырған жағдайлар туралы да айтып өтті. Биылғы жылы кабинеттерге жаңа модификациялар сатып алу мен 50 ІТ-сынып ашуға 1,1, млрд. теңге бөлінген. Онда оқушылар робототехникамен, бағдарламалаумен, 3D модельдеумен айналысады. Мәселен, облыста өткен жылы білім сапасының көрсеткіші 65 % құраған. «Бірақ бұл жеткіліксіз, бұдан әрі де білім сапасын көтеруге жұмыс істеуіміз керек. Облыстық білім басқармасының жаңа басшысына осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деді облыс әкімі.

Жалпы білім саласында 10 қызмет автоматтандырылған. Соның ішінде балабақшаға кезекке тұру қызметі де бар. Атап өтсек, облыстағы балабақшамен қамту деңгейі 98,4 %, биылғы жылы 100 %-ке жетеді.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


Көріністер:  396

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 16:51

Өзгертілген күні: 19.02.2020 16:53:39

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх