Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Ет өнімдерін шығару 24 процентке артты

Ет өнімдерін шығару 24 процентке артты

Алматы облысында мал саны және оның өнімдерін өндіру өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 4,5 процентке өсті. Ол үшін 102 асыл тұқымды мал бордақылау алаңы құрылып, биылғы жылы шетелден 10 мыңға жуық ірі қара мал әкелінді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 10 айдың даму қорытындылары туралы өткізген брифингісінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Баяндамада айтылғандай, тек бір ғана Алакөл ауданының өзінде 20 мың басқа арналған жылқы шаруашылығы фермасы және төрт мың тонналық "Қайыңды" ет комбинаты салынды. Райымбек ауданында "Қаз Мясо" компаниясы мәрмәр етін өндіру үшін алты мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын құрды. Сондай-ақ иран компаниясымен бірлесіп жылына сегіз мың тоннаға дейін ет өңдей алатын "Империя Фуд" ет комбинаты пайдалануға берілді.

- Қабылданған осындай шаралардың нәтижесінде ет өнімдерін шығару облыста 24 процентке артты, алты мың тоннадан астам мал мен құс еті экспортталды, - деп атап өтті А. Баталов.

Сонымен қатар Алматы облысы - еліміздегі негізгі құс еті мен жұмыртқа өндірушілердің бірі (73,2 мың тонна құс еті, ҚР-да 38%, 1,1 млрд.дана жұмыртқа, 20,3%). Қазір сегіз құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Ұйғыр ауданында қуаты 24 мың тонналық «OTANGreenFood» ЖШС құс фабрикасын қалпына келтіру, Іле ауданында қуаты 15 мың тонна болатын жаңа құс фабрикасын салу жұмыстары аяқталуда.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі


Көріністер:  446

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.11.2019 23:38

Өзгертілген күні: 20.11.2019 00:40:35

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх