Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +16 oC
Генерал-майор тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Генерал-майор тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Генерал-майор тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Бүгін Талдықорғанда запастағы генерал-майор, Ұлы Отан соғысына және милитариялық Жапонияның әскери ұрыстарына қатысушы, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әбдіқадыр Болсамбеков тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, облыстық ІІД қызметкерлері, сол сияқты ҰОС мен ішкі істер ардагерлері қатысты.

Әбдіқадыр Болсамбеков Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Интернатта тәрбиеленген. Приволжский әскери округінің орталығы - Саратовта жеделдетілген әскери курстан өтіп, 1942 жылы сегізінші наурызда соғысқа аттанды. Әскери қызметін Ульяновскіде қатардағы жауынгер ретінде бастаған. Содан кейін «СМЕРШ» бақылаушы барлау взводына ауысты. Онда бөлімше командирі болды. Калинин майданында, Волгада соғысты. Жапониямен соғыста «СМЕРШ» бақылаушы барлау взводының командирі болды. Солтүстік Қытайда Порт-Артур мен Дальний портына жапондықтарға тойтарыс берді.

Соғыстан 1947 жылы оралып, партиялық есепке тұрып, Сарқан ауданында учаскелік милиционер болды. Одан кейін аға жедел уәкілі, содан кейін Текелі АІІБ бастығы болды. Кейіннен әскери мақсаттағы қала - Степногор қаласына ауысты. Сол уақытта Мәскеуде ІІМ Жоғарғы мектебінде оқыды. Одан кейін Талдықорғанға келіп, осы жерде ол генерал-майор атағына ие болды.

Әбдіқадыр Болсамбеков Алматы облыстық ішкі істер және ішкі әскер ардагерлерінің кеңесінде, облыстық ардагерлер кеңесінде,  Республикалық «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінде мүшелікте болды.  


Көріністер:  1981

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.05.2015 19:17

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:57

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх