Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Көксу қант зауыты табиғи газға қосылу арқылы шығынын едәуір азайтпақ

Көксу қант зауыты табиғи газға қосылу арқылы шығынын едәуір азайтпақ

Көксу қант зауыты табиғи газға қосылу арқылы шығынын едәуір азайтпақ

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Көксу ауданына барып, қант зауытында, қант қызылшасы мен соя алқаптарында, сүт-тауарлы фермасында болды.

Ең алдымен Көксу қант зауытына атбасын бұрған облыс әкімі А. Баталов мұндағы жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты. Зауыт директоры Алтынбек Абатовтың айтуынша, 2015 жылы зауыт іске қосылғалы бері кезең-кезеңмен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Өткен жылы зауытқа 1,0 млрд. теңгеге модернизация жасалса, биылғы жылы зауыттың ішкі жөндеу ісіне 235 адам тартылып, олар бүгінде жұмыс ауқымының 80 %-ін аяқтаған. Жоғары технологиялы құрал-жабдықтарды қолдану нәтижесінде зауыт әр тонна шикізаттың өнімділігін 13,3 %-ке жеткізбек. Бұл көрсеткіш өткен жылы 10 % болатын.

Сонымен қатар бүгінгі күні зауытты табиғи газға қосу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған дейін мазут пайдаланып келген зауыттың жалпы шығыны көгілдір отынға қосылу арқылы 20-25 %-ке азаяды деп жоспарланып отыр. Үнемделген қаржы есебінен өнімділікті арттыруға, өнімнің өзіндік құнын өсіруге, айналымдағы қаржыны молайтуға мүмкіндік бар.

Зауыттың ішін аралаған облыс басшысы жаңғырту жұмыстары барысында қолданысқа жарайтын бұрынғы құрал-жабдықтарды жөндеу және жаңа құрылғылар мен станоктарды орнату барысына куә болды.

Мұнан соң А. Баталов «Каримов» ЖК-ның 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасына барып, шаруашылық жұмысымен танысты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құрылған ферма бүгінде сүтті бағыттағы ірі қара ұстап отыр. Ферма басшысы Олжас Каримовтың баяндауынша, мұндағы сиырлар Германиядан сатып алынып, шаруашылықта оларды сауатын 4 роботтандырылған жүйе кешені орнатылған. Бүгінгі күні төлдеген 309 сиырдан тәулігіне 10 мың тонна сүт сауылады. Жыл соңына дейін тағы 66 бас алу жоспарда бар.

Аралау сапары «Жамбай» және «Кең дала» шаруа қожалықтарының алқаптарында жалғасты. Иелігінде 80,5 га суарламы жері бар «Жамбай» шаруашылығы осы маусымда 10 гектарға бидай, 10 гектарға қызылша, 50 гектарына соя және басқа да жерлеріне көп жылдық шөптер егіпті. Егіннің бәрі де бітік шыққан, қазір шөп шабу науқаны жүріп жатыр. Шаруашылық жетекшісі Серік Наурызбаев мемлекет тарапынан тұқымға, гербицидке, тыңайтқышқа, суға субсидия беріліп, қолдаудың арқасында шаруалардың жермен жұмыс істеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысуға деген ынтасы артқанын айта келе, қамқорлық шаралары үшін ризашылығын білдірді.

Ал «Кең дала» қожалығының басшысы Қалибек Алпысбаевтың мәліметінше, 160 гектарда қант қызылшасы, 130 гектар жерде соя жайқалып өсіп тұр. Бұдан өзге жеміс-жидек пен жүгері де өсіріледі. 2015 жылы осы шаруашылық базасында «Алан» сервистік-дайындау орталығы құрылып, лизингіге қант қызылшасын өсіруге арналған 28 бірлік техника 141 млн. теңгеге сатып алынған еді. Өткен жылы осы орталық аудандағы 10 шаруашылықтың жалпы көлемі 350 гектар жеріндегі қант қызылшасын күтіп-баптау мен жинау науқанына қызмет көрсетіп үлгерген. Осы маусымда да 12 шаруа қожалығы бұл техникалардың игілігін бірге көріп отыр.

«Кең дала» шаруашылығының базасында Зылиха Тамшыбаева атындағы оқу орталығы құрылып, қазіргі кезде шаруашылық алқабында түрлі озық технологияларға оқыту, тәжірибе тарату семинарлары тұрақты өтіп тұрады.

Өткен жылы кеңдалалықтар қызылшасының әр гектарынан 600 центнер өнім алса, биылғы жылы бұл көрсеткішті 1000 центнерге жеткізсек деген ойда. Әр тәтті түбірдің қазірдің өзінде 2 келіден астам салмақ тартуы жоспардың орындалатынына сендіргендей.

Сапарды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов Көксу ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарына оң баға берді.

- Өңірді газдандыру тек жеке үйлерге ғана емес, кәсіпорындарға да үлкен септігін тигізіп отыр. Көксу қант зауыты табиғи газға көшу арқылы шығынын 20-25 % төмендетуге қол жеткізеді. Зауыттың іске қосылып, қайта жаңғыртылуы осы өңірдегі қант қызылшасын өсіруші шаруашылықтар үшін үлкен серпіліс туғызды. Субсидия беріліп жатыр, заманауи техникалармен жабдықталған СДО-лар құрып бердік. Биылғы жылы қант қызылшасының әр тоннасына қызылша өсірушілер 18 теңгеден алады. Осының бәрі қызылша өсірушілерге - үлкен стимул. Оған қоса облыстағы ирригациялық жүйлерді қалпына келтіру жұмыстарының есебінен суармалы жерлер айналымға енгізілуде. Оның игілігін өзге аудандармен бірге Көксу ауданы да көріп отыр. Бүгін қант қызылшасы, соя, жүгері өсіруді дұрыс ұйымдастыру жақсы нәтиже беріп отыр. Алдағы уақытта күріш шаруашылығын дамытуды да басым бағыт ретінде қарастырмақпыз. Ираннан жақсы тұқым жеткізіп, күріш өсіруге арналған СДО құру жоспарымызда бар. Елбасының өндіріс пен ауыл шаруашылығын модернизациялау арқылы еңбек өнімділігін арттыру туралы тапсырмасын негізге ала отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыра беруіміз керек, - деді А. Баталов.

Жалпы, Көксу ауданы биылғы жылы 2 мың гектар жерге қант қызылшасын септсе, осы дақылды өсірумен көксулық 280 шаруашылық айналысып отыр. Аудан аумағында себілген майлы дақылдар көлемі 12 мың гектар болса, соның 11700 гектары сояға тиесілі. Ал дәнді дақылдар 9600 гектарды құрап отыр.


Көріністер:  2060

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 31.07.2018 18:44

Өзгертілген күні: 31.07.2018 19:01:12

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх