Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

Ұлы Жеңіс қаһармандарына құрмет

Ұлы Жеңіс қаһармандарына құрмет

Ардагерлерді құттықтаған облыс әкімі А.Баталов:

- Құрметті  ардагерлер! Сіздерді алда келе жатқан Ұлы Жеңістің  70 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ ғұмыр тілеймін! Сіздердің жастық шақтарыңыз соғыста өтті, соғыстан кейін шаруашылықты қалпына келтіріп, елдің еңсесін қайта көтердіңіздер. Сіздер барлық  ауыртпалықты  абыроймен жеңе білдіңіздер. Біз сіздерге мәңгілік қарыздармыз, - деді өз сөзінде.

Кездесу барысында ардагерлердің барлығына 70 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. Сонымен қатар облыс басшысы 14 ардагерге Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Мұнан соң соғыс ардагері Бекмұхамет Шермұхаметов сөз алды.

- Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Совет халқы Отан үшін, ел үшін, ұрпақ үшін деп бір кісідей жұмылып жауға қарсы шықты. Сол бірлігіміздің нәтижесінде біз Жеңіске жеттік. Қазақ елі өзінің жауынгерлік рухын, қазақ деген батыр халық бар екенін Ұлы Отан соғысында танытты. Бейбіт заманда қазақтың қазақ екенін күллі әлемге паш еткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Мемлекет басшысы өзінің ақыл-ой кемелдігімен, еңбегімен, жігерімен елімізді алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде қалыптастырды, - дей келе, Елбасы саясатын қолдаушы Жетісу халқына амандық, береке-бірлік тіледі.  Мұнан соң сөйлеген ардагер Филипп Павлович Адинбеков :

- Біз, ардагерлер, әр қилы заманда өмірге келдік. Аштық, соғыс сияқты сан түрлі нәубеттерді басымыздан өткеріп, соғыстан кейінгі қираған шаруашылықты қалпына келтіруге атсалыстық, - деп өткен кезеңдерді еске ала отырып, өзінің Қазақстандай тату да берекелі елді өмір сүріп жатқанын, осы жерде ұрпақ өрбітіп, бақытты ғұмыр кешіріп отырғанын мақтанышпен жеткізді.

Осындай құттықтау тілектерін Бәтима Сақауова және Совет Оразаев та білдірді.

Кездесуге қатысушылар естелік суретке түсіп, ардагерлерге «Жетісу» мейрамханасында мерекелік түскі ас берілді.

Атап өтер болсақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, мемлекетке сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі айрықша үлесі үшін 24 ардагеріміз мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Олардың 2-і ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, 10 ардагер «Құрмет» орденімен,  8 ардагер «Ерен еңбегі үшін» медалімен және 4-еуі Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.

Жалпы қазіргі кезде облысымызда 343 соғыс ардагері, 20 мыңнан астам тыл еңбеккерлері бар. Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық бюджеттен барлық ардагерлерге 150 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің денсаулығын түзеуге 145 млн. теңге бөлінді. Ардагерлер қажеттілігіне қарай түрлі  құралдармен бірінші кезекте қамтылуда. Бұл мақсаттарға 300 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Баспана кезегінде тұрған 73 соғыс ардагеріне пәтер берілді.

 

Дополнительные картинки:  Загрузить (230.9 КБ, jpg) / Загрузить (211.74 КБ, jpg) / Загрузить (196.52 КБ, jpg)

Көріністер:  1988

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 06.05.2015 12:31

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх