Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC

Ұлы Жеңістің мерейлі мерекесі

Ұлы Жеңістің мерейлі мерекесі

Бүгін Талдықорған қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына арналған мерекелік шаралар бар сән-салтанатымен аталып өтілді.

Мереке облыс әкімі Амандық Баталов бастаған бір топ азаматтардың  Мәңгілік алауға гүл шоғын қоюдан басталды. Отан-Ана ескеркішінің алдында Ұлы Отан соғысында мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға от атылды.

Орталық алаңда жалғасқан мерекеде «Ұрпаққа мұра болған - Ұлы Жеңіс!» деген тақырыппен қойылған сұрапыл соғыстың зұлмат жылдарынан театрландырылған көріністер халықты үлкен әсерге бөледі.

Жиналған қауымды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, ардагерлерге тағзым етті:

- Ардақты ардагерлер! Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлер етігімен су кешіп, Отаны үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын - байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні ардагерлерлдің рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы. Мереке құтты болсын! Баршаңызға амандық, игілік, бақыт тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы бейбіт күн астында желбірей берсін! - деді өз сөзінде.        

Мұнан кейін көпшілікке мерекелік концерттік бағдаралама ұсынылды. Ардагерлерге арнап жайылған әскери асханадан облыс әкімі А.Баталов соғыс ардагерлерімен бірге дәм татты.

Мереке «Талдықорған» ипподромында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстармен жалғасты.

Ал кешкілік «Жастар» спорт сарайы алдында «Біз Жеңісті жырлаймыз!» атты жастарға арналған кешкі дисотекалық бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл кеште эстраза жұлдыздары Мирас пен Құралай бекжановтар қатысады деп күтілуде.

  

 

Дополнительные картинки:  Загрузить (199.8 КБ, jpg) / Загрузить (214.21 КБ, jpg) / Загрузить (486.23 КБ, jpg) / Загрузить (234.28 КБ, jpg) / Загрузить (216.61 КБ, jpg)

Көріністер:  2237

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.05.2015 11:33

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх