Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Ұлы Жеңістің құрметіне арналып ат жарысы өткізілді

Ұлы Жеңістің құрметіне арналып ат жарысы өткізілді

Ұлы Жеңістің құрметіне арналып ат жарысы өткізілді

Жарыста тұлпарлар 5 шақырымға тай жарысы, 9 шақырымға құнан бәйге, 15 шақырымға топ бәйге, 7 шақырымға жорға жарыс және 21 шақырымға аламан бәйге түрлерінен сынға түсті.
Сонымен қатар шара барысында қазақтың ұлттық спорттық ойыны көкпардан Алматы облысының чемпионаты ұйымдастырылып, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақтан көрсетілімдер болды.
Облыстың 11 ауданының командалары қатысқан көкпар ойынында Қарасай ауданының командасы үздік өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Панфилов және Ескелді ауданының ойыншылары екінші, үшінші орындарға табан тіреді.
Құнан бәйгенің бас жүлдесін Жамбыл ауданы иеленсе, 33 сәйгүлік қатысқан топ байгеде Шығыс Қазақстаннан келген жас шабандоз жеңімпаз атанды. Жорға жарысында астаналық тұлпар өзгелерді шаң қаптырды.

Жиналған қауым асыға тосқан 21 шақырымдық аламан бәйгенің бас жүлдесі Кербұлақ ауданынан келген «Сағым» атты сәйгүлікке бұйырды. ІІ орын Алматы қаласына, ІІІ орын Жамбыл ауданынан келген шабандозға бұйырды. Жарыс жеңімпаздарына 5 жеңіл автокөлік және ақшалай сыйлықтар берілді.

Дополнительные картинки:  Загрузить (69.24 КБ, jpg) / Загрузить (182.81 КБ, jpg) / Загрузить (340.03 КБ, jpg)

Көріністер:  2028

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.05.2015 14:15

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх