Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Мал шаруашылығын өркендету - маңызды іс

Мал шаруашылығын өркендету - маңызды іс

Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орын­ба­са­ры Серікжан Бескемпіровтің төраға­лығымен мал шаруашылығы саласын өркендетуге қа­тысты селекторлық жиын өтті. Онда өңірлердегі ана­лық мал басының тұқымдық түрлендіруге қа­тысуы, сиыр етін дайындауды жоспарлау, мал бор­да­қылау алаңдарына бұқашықтарды алу, тауарлы табынға асыл тұқымды бұқа­ларды жіберу, фер­мер­лік шаруа­шылықтардың аналық етті ірі қара және ұсақ мал басын сатып алуына қатысты атқарылған жұ­мыстар сөз болды. Осыған қатысты сұрақтарға ау­дан әкімдері мен олардың орынба­сарлары жауап берді.

Қазіргі таңда облысымызда мал шаруашылығы саласын өр­кен­детуде ауқымды жұмыс ат­қарылуда. Облыстық бюджет есебінен және «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-ның қар­жыландыруымен 50-200 басқа арналған сүт фермаларын құру жұмысы қолға алынып, 2021 жылға дейін оның санын 100-ге, қуаттылығын 23 мың басқа жет­кізу көзделуде. Сондай-ақ, ет экспортын еселеу үшін де тия­нақты жұмыс істе­луде. Бола­шақта экспортты ұлғайту үшін етке басымдық беріліп, транс­ұлт­тық компаниялардың қаты­суымен инвес­тициялық ірі жо­ба­ларды жүзеге асыруға қол жеткізілмек. Бұл орайда мал басы мен өнімділігін арттыру қажеттігі туын­дайды, мал тұ­қы­мын асылдандыруға зор мән беріледі. Сол арқылы алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп ке­ше­ніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл­ шаруа­шы­лығы өнімінің экспортын кем де­генде 2,5 есеге арттыру қа­жет. 

Осы ба­ғытта мем­­лекеттік қолдау көр­сетіліп, өңір­лер­дегі фермерлер мен шаруа қожа­лық­тарының мал басын өсіріп, шаруа­сын тіктеуіне қолдау көрсетілуде. Алай­да, ұтымды ұйым­дас­тыру, жүйелі жоспар болма­ған­дықтан кейбір аудан­дардың көр­сеткіштері көңіл көн­шіт­пей­ді. Жиынды қо­ры­­тын­ды­лаған Серікжан Іслям­ұлы ау­дан әкім­де­ріне нақты тапсырма беріп, жос­пар­ға сай жұмыс істеу қажеттігін на­­зарға сал­ды.


Көріністер:  1775

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.08.2018 17:53

Өзгертілген күні: 15.08.2018 18:06:51

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх