Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
Медицина мамандарына арнап 126 пәтер сатып алынды

Медицина мамандарына арнап 126 пәтер сатып алынды

Медицина мамандарына арнап 126 пәтер сатып алынды

Алматы облысында медициналық кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін барлық аудан, қалаларда медицина мамандарына арнап 126 пәтер сатып алынады. Бұл мақсатқа 756 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың есепті жиынында айтылды.

Кадр тапшылығын шешудің тағы бір жолы ретінде 47 арнайы маман өте қат мамандықтар бойынша резидентурада оқытылса, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында 36 студент әкім грантымен білім алып жатқаны да сөз болды.

- Биылғы жылдан медициналық ұйымдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшті. Осыған байланысты халықтың медико-санитарлық көмек нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету – атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Талдықорғандағы 6-шы шағын аудандағы 16 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан 320 адам қабылдайтын алғашқы медико-санитарлық орталық ашылған. Оған қоса биылғы жылы 3,8 млрд. теңгеге 9 дәрігерлік амбулатория мен медпункт салынады, - деді Амандық Баталов өз баяндамасында.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  386

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 16:54

Өзгертілген күні: 19.02.2020 16:59:50

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх