Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -2 oC

Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Бүгін Талдықорғандағы Тіл сарайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. Жиын барысында облыс әкімі А. Баталов «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес 2016 жылғы атқарылған жұмыстың нәтижелері және 2017 жылдың жоспарлары туралы баяндама жасады. 

Облыс әкімі өз сөзінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында жарияланған Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындаудың 2017 жылға арналған жоспары жайлы кеңінен хабарлады.

Облыс басшысының айтуынша, биылғы жылы жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2,0 % өсіммен 2 трлн. 379 млрд. теңгеге жететін болады. Ал ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім  603,9 млрд. теңеге жетіп, 2,0 % өсуі тиіс. Ақсу қант зауыты және басқа да маңызды нысандар іске қосылады. Олардың арасында жылыжайлар, көкөніс сақтау қоймалары, мал бордақылау алаңдары, сүт-тауарлы фермалары бар. Өңдеу өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлінбек. Бұл орайда 2017 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 665,4 млрд. теңгеге жеткізіп, 1,6 % өсіру жоспарланған.

Бұдан әрі А. Баталов басым бағыттардың қатарында инвестиция тарту, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу істерін атап өтті. Әсіресе, облыс орталығын, жалпы облысты табиғи газбен қамтуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Сонымен қатар әлеуметтік салаға, мәдениет пен спортты дамытуға назар аударылады.

Мұнан соң облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Тойбаев өткен жылы атқарған жұмыстары туралы баяндады. Облыс басшылығы тарапынан барлық қажетті қолдаулар көрсетіліп отырғанын айта келе, төраға кеңес жұмысы барысында туындаған мәселелердің дер кезінде шешілгенін, Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстары назарға алынып, жан-жақты қарастырылатынын жеткізді.  

Есепті кездесу барысында қатысушылар жұмысқа қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, бірқатар өзекті мәселелерге қатысты сауалдар қойды.

Мәселен, тірек-қимыл аппаратына зақым келген мүгедектердің «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Ақжаркенова облыстағы мүгедек спортшыларға жасалып отырған жағдайларға, инватакси жұмысына байланысты айта отырып, мүгедек балалар мен жастарға арналған оңалту орталығын ашудың қажеттілігін айтты.

Облыс әкімі бұл мәселенің қарастырылып, жақын арада жобалау жұмысы басталатынын жеткізді.

- Біз Алматы және Талдықорған өңірлерінде екі мектеп интернат салуды жоспарлап отырмыз. Онда балалар спортпен шұғылданып, қажетті медициналық көмекті ала алады. Яғни бұл мектептердің жанында оңалту орталықтары да жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар қатысушылар тарапынан облыстағы ара өсірушілерді қолдау мәселесі де көтерілді. Бұл мәселемен айналысуды облыс әкімі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішовке тапсырды. С. Бекішов қазіргі кезде субсидиялау мәселесі шешілгенін, басқа да қажеттіліктерде көмек көрсетілетінін айтты.

Орталық көшелердегі көлік жүктемесін азайту, көлік қоятын орындарды ұйымдастыру, жабайы сауда мәселесін жылдам шешу, сол сияқты тыл еңбеккерлеріне санаторлық-курорттық жолдама беру мүмкіндіктерін қарастыру туралы да сөз болды.

Барлық сауалдарға толық әрі нақты жауап берген облыс әкімі тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері есептің  қорытындысы бойынша облыс әкімі А. Баталовтың жұмысына қанағаттанарлық деп баға берді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Ә. Тойбаевтың баяндамасын назарға алу туралы шешім қабылданды. 


Көріністер:  5081

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 20.02.2017 16:54

Өзгертілген күні: 10.03.2017 10:30:49

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх