Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +16 oC
Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Тәңірберген Садықұлы Дәркенбаев облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

  

Тәңірберген Садықұлы ДӘРКЕНБАЕВ


1965 жылы туған. 1989 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Киров аудандық атқару комитетінің жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдары облыстағы құрылыс мекемелерінде, құрылыс мамандарын дайындау бойынша педагогика саласында жауапты қызметтер атқарды.

Алматы облыстық білім департаментінің құрылыс және күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы, Алматы облыстық күрделі құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы, Алматы облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Сәулет, қалақұрылыс және жобалау басқармасының басшысы, ҚР Өңірлік даму министрлігі Сәулет, қалақұрылыс және қалақұрылыстық кадастрі басқармасының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Сәулет, қалақұрылыс және қалақұрылыстық кадастр басқармасының басшысы, «Архсервис-Сәулет» ЖШС-ның атқарушы директоры, «LRT құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС-ның бөлім меңгерушісі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы директорының орынбасары болды.

2020 жылдың қаңтарынан – Алматы облысы Ескелді аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы.

 

Хроника

 Облыс әкімінің өкімімен Дәркен Нұржанұлы Нұржанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы қызметінен босатылды.


Көріністер:  502

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 20.02.2020 15:39

Өзгертілген күні: 20.02.2020 15:42:02

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх