Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +24 oC

Әкімдердің есеп беруі

RSS
Туризмді дамыту 18.02.2015 16:28

Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасына сәйке, облыста арнайы жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалауларында демалыс аймақтарының Бас жоспары әзірленді. Туристердің қиындықсыз қатынауы үшін «Үшарал» әскери аэродромын пайдалану және «Алматы-Достық» бағыты бойынша жаңа үлгідегі жүрдек поезд жүргізу қолға алынбақ. 

 

 

"Қазақстанда жасалған" 18.02.2015 16:07

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аудандар арасындағы сәйкессіздіктерді жою туралы тапсырмасы негізінде облыстың барлық аудандарында жаңа өндіріс алаңдарын ашу мәселесі қолға алынуда. Ағымдағы жылы осы бағытта 50-ге жуық шағын және орта бизнес орындары ашылып, 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Ойға алған жоспарлар жүзеге асырылған жағдайда «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясының белсенді қатысушылары болатынымыз сөзсіз.

Үдемелі индустриялды – инновациялық даму бағдарламасы 18.02.2015 15:52

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығындағы мақсатты индикаторларға толық қол жеткізілді. 283 млрд. теңгеге 48 жоба іске асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Аккумулятор шығару көлемі 1,3 есеге, бояулар мен лак - 1,4 есеге, гипс өнімдері мен ашытқы шығару 1,2 есеге артты, - деп хабарлайды облыс әкімі А.Баталов өзінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде

 

 

18.02.2015 15:29

Іле Алатауының баурайы атақты апорттың отаны екенін барлығымыз білеміз. Бүгінгі күні ол жерде 14,2 мың гектар алма бағы бар, оның ішінде 2 мыңы апорт алмасына тиесілі. Осы туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің тұрғындар алдында берген есебінде хабарлады. Облыс әкімінің мәлімдеуінше 2016 жылы апорт өсіру алаңы 2,5 мың гектарға дейін кеңейтіліп, жыл сайын 3 мың тоннадан астам алма жиналатын болады. Еңбекшіқазақ ауданындағы Айдарбаев шаруа қожалығында өзіне тиесілі апорт алма бағы бар....

18.02.2015 15:05

ҮИИД бағдарламасы аясында Панфилов ауданындағы жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауытына жаңа құрылғылар сатып алу үшін 328 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Аталған ауылшаруашылығы өнімін өсірушілермен бірқатар кездесулер ұйымдастырылып, ағымдағы жылы ет, сүт өндірушілері мен құстарға жем ретінде 500 мың тонна жүгері жинау жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімінің өңір тұрғындары алдындағы есебінде баяндалды.

18.02.2015 14:31

Алматы облысында аграрлы секторды дамытуда ауқымды жұмыстар қолға алынып, бұл салаға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, ағымдағы жылы «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында ауылшаруашылығына берілетін мемлекеттік көмектің көлемін 21 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделуде. Осы туралы Алматы облысының әкімі Амандык Баталов бүгін өңір тұрғындары алдында берген есебінде баяндады.

 

 

Облыс әкімі өңір тұрғындары алдында есеп берді 18.02.2015 14:09

Бүгін Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өңір тұрғындары алдындағы кезекті есеп беру кездесуі болып өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы Жайсан Ахметов пен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Тұрлашев қатысты.

Аудан әкімінің өңір тұрғындары алдындағы кезекті есеп беру жиыны 13.02.2015 17:09

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің өңір тұрғындары алдындағы кезекті есеп беру жиынына қатысты. Өңір тұрғындары алдында ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға дамуының негізгі бағыттары туралы аймақ әкімі Бинәлі Ысқақ есеп берді.

Ауданда өткен жылы жалпы сомасы 54,6 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Ал өндірістік өнім көлемі 27 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 10 %-ға артты. Сонымен қатар, 47,6 млрд....

12.02.2015 14:21

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Ақсу ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімінің тұрғындар алдындағы кезекті есеп беру жиынына қатысты. Өңір тұрғындары алдында Ақсу ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға дамуының негізгі бағыттары туралы аудан әкімі Әділбек Далбағаев есеп берді.

09.02.2015 13:40

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Балқаш ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімінің тұрғындар алдындағы кезекті есеп беру жиынына қатысты. Өңір тұрғындары алдында Балқаш ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға дамуының негізгі бағыттары туралы аудан әкімі Бейсеғали Жүнісов есеп берді.

30.01.2015 20:10 Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімі Ә.Жақанбаевтың тұрғындар алдындағы есебіне қатысты. Кездесуге мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындары қатысты.

Страницы: Пред. 1 ... 3 4 5 6 7

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх