Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Райымбек ауданына 2,5 мың тұрғын қайта оралды

Райымбек ауданына 2,5 мың тұрғын қайта оралды

Райымбек ауданы қайта құрылғаннан бері ауданға екі жарым мыңнан астам тұрғын, соның ішінде жастар да туған өлкесіне қайтып оралды. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың халық алдында есеп беру жиынында белгілі болды.

- Елбасының Жарлығымен қайта құрылған Райымбек ауданының халқы ризашылығын білдіруде. Қайта құрылғаннан бастап аудан қарқынды дами бастады. Биыл үш ғимарат қайта жаңартылып, аудандық, ауылдық әкімдіктер, қазынашылық пен салық қызметі орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін 37 тұрғын үй салынуда, барлығы 111 тұрғын үй салынатын болады. Аудан орталығының жолдары 100 пайыз жөнделіп, барлық орталық көшелерге жарық орнатылды. Қазіргі заманға сай Дене-шынықтыру сауықтыру кешені биыл пайдалануға беріледі, ол үшін 1,1 млрд. теңге бөлдік. Біз тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, аудан экономикасын одан әрі дамытуды жалғастыратын боламыз, - деді А. Баталов халық алдындағы есепті жиынында.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  292

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 18:33

Өзгертілген күні: 19.02.2020 18:34:37

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх