Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Талдықорған қаласы тұрғындарының саны 180 мың адамға жетті

Талдықорған қаласы тұрғындарының саны 180 мың адамға жетті

Талдықорған қаласы тұрғындарының саны 180 мың адамға жетті

Қазіргі кезде Талдықорған қаласы халқының саны артып, 180 мың адамға жетіп отыр. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтылды.

Өз сөзінде әкім Талдықорған қаласының дамуына ерекше тоқталып өтті. Жиында айтылғандай, 8-шағын ауданда 782 пәтерге арналған 24 көпқабатты үйлердің құрылысы басталады, оның ішінде жетеуі осы жылы пайдалануға беріледі. Осыған байланысты 1200 орындық мектеп құрылысын дереу бастау жоспарланған. Оған қоса инвесторлар есебінен Шығыс шағын ауданында 726 пәтерлік 22 үйдің құрылысы басталады.

- Өткен жылы коттедж қалашығында 155 үй салынып, олар ең алдымен көп балалы отбасыларға берілді. Биыл 403 коттедж пайдалануға беріледі. Мұнда көп көп балалы отбасылар тұрады, балалар көп, сондықтан 900 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша саламыз. Сондай-ақ, мен екі балалар алаңын, футбол алаңын орнатуды, бүкіл аумақты толық абаттандыруды тапсырдым. Коттедж қалашығының тұрғындары келешекте әдемі саябақ аймағында өмір сүретін болады, - деді А. Баталов.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы пайдалануға берілетін Жетісу мемлекеттік университеті жатақханасының ғимараты мен жабық жүзу бассейні қаланы одан әрі көркейтпек.

- Қаламыздың сәулетіне үйлесіп тұратын бұл әдемі ғимараттардың айналасы тиісті деңгейде көріктендірілуі тиіс. Өкінішке қарай, қала басшылығы мен сәулет басқармасы бұл мәселелермен дұрыс айналыспай отыр. Сондықтан барлық жауапты тұлғаларға және облыстың жаңа сәулетшісіне осы мәселені бақылауға алып, шешуді тапсырамын. Жеке тасымалдаушыларды субсидиялау тетігін пайдалана отырып, қалалық көлікті жаңарту керек. Олардың жайлы автобустар сатып алып, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін талаптарды күшейту керек. Қалалық маршруттарда электрондық билетті енгізетін уақыт жетті, оған қаржы қарастырылған, - деді А. Баталов.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  426

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 19:36

Өзгертілген күні: 19.02.2020 19:38:29

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх