Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +25 oC
Талдықорғанда соғыс ардагерлеріне пәтер берілді

Талдықорғанда соғыс ардагерлеріне пәтер берілді

Салтанатты шарада өңір басшысы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Наурыз мейрамымен құттықтап, өзінің мерекелік тілегін жеткізді:
- Бүгінгі күні Алматы облысында тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 355 ардагерлеріне жан-жақты қолдау жұмыстары көрсетілуде. Наурыз мерекесіне орай, бүгін Сіздерге облыс орталығы Талдықорған қаласынан 52 пәтердің кілтін тапсырғалы отырмыз. Осындай баспанамен облысымыздың барлық аудандары мен қалаларындағы соғыс ардагерлері де қамтылатын болады. Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз, құрметтейміз. Сіздер тарихтың алтын қазынасысыздар. Наурыз мерекесі қарсаңында барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, ал отбасыларыңыз бен туған-туыстарыңызға амандық пен игілік тілеймін. Жаңа баспаналарыңыз жайлы болып, шаңырақтарыңыз шатыққа толсын құрметті ардагерлер, - деп қорытындылады өз сөзін облыс әкімі Амандық Баталов.
Мерекелік құттықтаудан соң Амандық Баталов ардагерлердің барлығына жеке-жеке пәтердің кілтін табыстады.
Шараға жиналған ардагерлер қауымы Елбасы тарапынан жасалып жатқан осындай игі шараларға, жан-жақты қолдау жұмыстарына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Қанай Сүлейменов:
- Елбасы тапсырмасына сәйкес бізге деген құрмет пен жақсылықтарың үшін мен шын жүрегімнен осында отырған барлық ардагерлердің атынан рахмет айтамын. Бүгінгі ұрпақ бақытты кезеңде өмір сүріп жатыр. Осы бейбіт кезең әрдайым ұзағынан болсын.
ҰОС ардагерінің жұбайы, тыл ардагері Ділдә Дәуренбекова:
- Болашақ ұрпақ бейбіт және жақсы өмір сүруі үшін біз күн демей түн демей еңбек еттік. Сол кезде жасаған еңбектеріміздің бүгін жемісін көріп отырмыз. Қазақстанның болашағы жастар өсіп өркендей берсін!
Ұлы Отан және Жапон соғысының ардагері Құрмантай Бақбергенов:
- Қысқа уақыт ішінде Амандық Ғаббасұлы бірқатар істер атқарды, менің байқағаным бүгін Талдықорған күн санап өсіп-өркендеп келеді. Мен бүгінде 94 жастамын. Осы жерде жиналған барлықтарыңызға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін. Әлемде бейбіт заман орнап, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

  

 

 

 

Дополнительные картинки:  Загрузить (191.84 КБ, jpg) / Загрузить (376.67 КБ, jpg) / Загрузить (431.99 КБ, jpg)

Көріністер:  2276

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.03.2015 13:25

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх