Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +25 oC
Тамара Дүйсенова Ардагерлер үйінде облыс ардагерлерімен кездесті

Тамара Дүйсенова Ардагерлер үйінде облыс ардагерлерімен кездесті

Ардагер әжелер және ардагерлер хорының тартымды ән шашуын тыңдап, ғимараттың мәжіліс залын, демалыс бөлмесін, ардагерлер қолымен жасалған көрмені аралап көрген министр ақсақалдармен әңгімені екінші қабаттағы мәжіліс залында жалғастырды. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев жүргізіп, министрдің өңірімізге келу мақсатын айтып өткен соң, сөз кезегін  облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ардақ Сыдыққа берді.

Оның айтуынша, 193 мыңнан астам зейнеткердің басын қосып, оларды қоғамнан тыс қалдырмай, күнделікті өмірге белсенді араластыруды мақсат ететін ұйым өзінің Жарғысына сәйкес, Елбасымыздың шешімдері мен мемлекетіміздің заңдылықтарына байланысты ең алдымен зейнеткерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударуда.   Сонымен қатар, биылғы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты көзі тірі соғыс ардагерлерінің барлық жағдайын жасауға құлшына кіріскен. Сол қатарда ардагерлердің емдеу-сауықтыру шаралары, коммуналдық қызмет көрсету, бір жолдық материалдық көмек алу, тағы да басқа әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етілуін қадағалау мен ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлы түрде қолға алған. Сондай-ақ, «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағаттарын белсенді өткізіп, елдің ықыласына бөленіп келеді. Алдағы уақытта да ардагерлердің арқалайтын жүгі аз болмайды. Ал марқаятын тұстары да көп. Өйткені оларға жасалатын көмек арнасы ұлғая түспек. Басқасын айтпағанның өзінде, биыл 44  соғыс ардагері тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, 367 ардагер автокөлік кілтін алады. 

Облыстық ардагерлер ұйымының тарапынан атқарылған жұмыс барысымен қаныққан Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының халықтың алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік саланың бюджетін қысқартпау туралы Үкіметке  берген тапсырмасын айта келіп, алдағы уақытта әлеуметтік сала бүйірінің тоқ болатынын ескертті. Сондықтан, зейнетақы, жәрдемақы, тағы басқа да әлеуметтік жеңілдіктердің, Отан соғысы ардагерлеріне жасалатын (коммуналдық, емдеу-сауықтыру, тағы да басқа) көмек арнасының қысқармайтынын жеткізді. Сондай-ақ,  әлеуметтік саланы дамытудың бағыт-бағдары, зейнеткерлердің мүддесін қамтамасыз етудегі жаңалықтар мен жеңілдіктер туралы да толыққанды түсіндіріп, көпшіліктен түскен сұрақтарға жауап берді.

 

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем беретін» халықтың ұрпағымыз ғой. Егеубек Далбағаев ақсақал облыс ардагерлері атынан министрге бата беріп, кездесуді ізгі ниет, жылы тілекпен қорытындылады.


Көріністер:  2014

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 18.02.2015 19:54

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:56

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх