Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Өткен жылы ішкі істер органдарының техникалық базасын жақсартуға 4,3 млрд. теңге бөлінді

Өткен жылы ішкі істер органдарының техникалық базасын жақсартуға 4,3 млрд. теңге бөлінді

Өткен жылы ішкі істер органдарының техникалық базасын жақсартуға 4,3 млрд. теңге бөлінді

Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2019 жылы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, учаскелік полиция инспекторлары үшін 136 қызметтік автокөлік сатып алынған, 2020 жылы тағы 72 автомашина сатып алу жоспарланып отыр. 178 тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттері салынды, оның 16-сы өткен жылы салынған, тағы 42-сі алдағы уақытта салынады. 1268 бейнебақылау камерасы орнатылды, 2020 жылға тағы 250 камера орнатуға бір млрд. теңге бөлінді (Қарасай ауданында - 150, Панфилов ауданында – 50 және Текелі қаласында - 50). Қабылданған шаралардың арқасында қылмыс саны 17 процентке төмендеген (27174-тен 22583-ге дейін).

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


Көріністер:  341

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 19:33

Өзгертілген күні: 19.02.2020 19:34:39

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх