Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Өткен жылы Талғар қаласында 106 көппәтерлі үйге 15 блокты-модульдік қазандық орнатылған

Өткен жылы Талғар қаласында 106 көппәтерлі үйге 15 блокты-модульдік қазандық орнатылған

Өткен жылы Талғар қаласында 106 көппәтерлі үйге 15 блокты-модульдік қазандық орнатылған

Алматы облысындағы шағын қалаларда бүгінгі күні жеке жылытылатын көпқабатты үйлер әлі де бар. Сондықтан оларды орталық жылу жүйесіне қосу мәселесін шешуге баса назар аударылып отыр. Мәселен, өткен жылы 2,7 млрд. теңге бөлініп, Талғар қаласында 106 көппәтерлі үйге 15 блокты-модульдік қазандық орнатылған. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың халық алдында есеп беру жиынында белгілі болды.

- Осы мәселеге қатысты бірнеше рет тапсырма бергеніме қарамастан, басқа қалаларда бұл жұмыс нашар жүргізіліп жатыр. Мұндай проблемалар Қаскелең, Үштөбе, Жаркент қалалары мен Іле ауданында да бар. Әкімдерге осы мәселемен нақты айналысып, іске асыруға кірісуді тапсырамын. Қалай жасауды білмесеңдер, Талғардағы "Бозторғай" мен "Мелиоратор" шағын аудандарына барып, көріп, үйреніңдер, - деген Амандық Баталов аудан, қала әкімдерімен бірге өз орынбасары мен облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысына да нақты міндеттер жүктеді.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  306

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 18:22

Өзгертілген күні: 19.02.2020 18:28:27

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх