Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

Әз Наурыз - ырыс пен ынтымақтың бастауы

Әз Наурыз - ырыс пен ынтымақтың бастауы

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 

22 Наурыз мерекесімен құттықтауы

 

Құрметті жетісулықтар!

Сіздерді әз Наурыз – Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Табиғат жаңғырып, қайта түлейтін, тіршілік оянып, жанданатын бұл шақ Шығыс халықтарында Жаңа жылдың басы деп есептеледі.

Тарих қойнауының тереңінен бастау алатын Наурыз шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналып, жастарды тәрбиелеуге, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге зор ықпал етіп келеді.

Наурыз философиясы пейілдің тазалығы, жақсылық жасауға деген құштарлық, береке-бірлікке жұмылу сияқты мәңгілік символдарға құрылған. Сондықтан да еліміздің ынтымағын, өзара татулық пен келісімді нығайтудағы Наурыздың рөлі ерекше.

Осы көктемгі мереке әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-несібе әкеліп, молшылыққа бастасын.

Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте жеміс, отбасында бақытты ғұмыр тілеймін.

Жетісу өлкесі өсіп-өркендей берсін!

Ұлыс оң болсын!


Көріністер:  88

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 21.03.2020 10:26

Өзгертілген күні: 21.03.2020 13:20:51

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх