Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Жұмыспен қамту шараларына 20,3 мың жас тартылған

Жұмыспен қамту шараларына 20,3 мың жас тартылған

Талдықорған қаласы мен Қаратал ауданында төрт студенттік жатақхана салынуда. Барлығы 1 968 орындық 10 жатақхана салу жоспарланған. Оның 8-і – колледждердің, 2-еуі - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жатақханасы. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен есеп беру кездесуінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Облыс әкімі 2019 жастар жылында 18 спорт орталығы ашылғанын атап өтті.

- Біздің мақсатымыз - жастарды жұмыспен қамту. Өткен жылы 20,3 мың жас жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 1663 адам оқытылды. Биылғы жыл Еріктілер жылы деп жарияланды және біз оны облыстық форум өткізуден бастадық. Облыста барлығы 19 еріктілер ұйымы бар, олардың ресурстары әлеуметтік мәселелерді шешуде кеңінен қолданылатын болады, - деді А. Баталов.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 


Көріністер:  333

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.02.2020 19:29

Өзгертілген күні: 19.02.2020 19:30:41

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх