Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 240 жоба іске асырылады

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 240 жоба іске асырылады

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 240 жоба іске асырылады

Алматы облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 240 жоба іске асырылып, оларда 27,3 мың жұмыс орны құрылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне мынадай нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кірген:

- әлеуметтік-мәдени нысандар, бұнда 31,8 млрд. теңгенің 491 жобасы қарастырылған. Оның ішінде білім саласында 21,1 млрд. теңгеге 440 жоба іріктеліп алынған; 38 мектепте күрделі жөндеу, 399 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізіледі, сол қатарда 351 мектептің ішкі дәретханасына қатысты мәселелер шешіледі (1,0 млрд. теңге).

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бұл қатарда 20,0 млрд. теңгелік 79 жоба бар. Соның 12,5 млрд. теңгелік 60 жобасы ауыз су сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

– инженерлік-көліктік инфрақұрылымдар, мұнда 34,2 млрд. теңгенің 547 жобасы бар. Соның 4,1 млрд. теңгелік 19 жобасы аулаларды абаттандыру бойынша, 6,4 млрд. теңгелік 38 жобасы саябақтар мен скверлерді абаттандыру бойынша, ал 6,6 млрд. теңгелік 59 жобада көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылады.

– елді мекендерді абаттандыру, атап айтқанда 17,0 млрд. теңгеге 116 жоба. Соның ішінде аудандардың автокөлік жолдарының көліктік инфрақұрылымын дамытуға құны 34,2 млрд. теңге болатын 547 жоба көзделген. Оның 6,7 млрд. теңгелік 17 жобасы күрделі жөндеу, 23,1 млрд. теңгелік 316 жоба орташа жөндеу, 4,4 млрд. теңгелік 214 жоба ағымдағы жөндеу бойынша.

Сонымен бірге 73,0 мың гектар суармалы жерді айналымға қосу үшін Ақсу, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласындағы суару желілерін және Қаратал, Көксу, Өсек өзендеріндегі плотиналарды қайта жаңғырту жұмыстарына 6,2 млрд. теңге қарастырылды.

Алматы облысында Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 109,2 млрд. теңге бөлінгенін атап өту керек.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 



Көріністер:  72

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 26.03.2020 18:37

Өзгертілген күні: 26.03.2020 18:39:15

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх