Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -3 oC
Жаңа бағдарлама тікелей эфирде түсіндірілді

Жаңа бағдарлама тікелей эфирде түсіндірілді

Жаңа бағдарлама тікелей эфирде түсіндірілді

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және аграрлық саланың қаржылық ұйымдары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын өңір бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл орайда БАҚ-тың әлеуеті кеңінен пайдаланылуда. «Жетісу» телеарнасында тікелей эфирге шыққан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішов, «Ауыл­ шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» өңірлік филиалының директоры Мәди Ибадуллаев пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық фи­лиа­лының директоры Төлебай Меңдоразов көрермендерді толғандырған көптеген сауалдарға жауап берді.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Сексен­бай Бекішевтің айтуынша, жаңа бағдарламаның нәтижесінде мал және өсімдік шаруашылықтарының тиімділігін арттыруға, тауарлық өндіріске 500-ден астам жеке қосалқы шаруашылықты тарту үшін ауыл шаруашылығы кооперацияларын кең көлемде дамытуға, өнімді өңдеу мен өткізудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекеттік қолдау да әлдеқайда тиімді әрі қолжетімді болмақ.

- Бұрын неисе мен субсидия ірі тауап өндірушілеріне қолжетімді болса, қазіргі кезде ұсақ және орта өндірушілерге де бағытталатын болады. Оның ішінде кооперативтерге біріккен жеке қосалқы шаруашылықтарға да қолжетімді болады, - деді Сексембай Бекішов. 

Үміт­кер­лерлердің тиісті мекемеге жүгінуінен бастап микрокредитке қол жеткізуіне дейінгі аралықтағы барлық сатыларды жіктеп айтып берген басқарма басшысы мемлекеттен облысқа 3 миллиард теңгеден аса қаражат бө­лінгенін тілге тиек етті. Сонымен бірге, мик­ро­кредиттер көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге үш жылдан аспайтын мерзімге 4 миллион теңгеге дейін берілмек. Сондай-ақ, бөлінген қара­жат­тың алпыс пайызы «Ауыл­шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, қырық пайызы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және кре­диттік серіктестері мен мик­ро­қар­жы ұйымдары арқылы беріледі.

Тікелей эфир барысында сала басшылары бағдарламаның басым бағыттары, оның өзге бағ­дар­ла­ма­лардан айырмашылығы, шағын несие беру, жеке ша­р­уа­шы­лық­тар­ды кооперативтерге біріктіру, көк­темгі дала жұмыстарын несие­лендіру, ісін жаңа бастаған кәсіп­керлерді қолдау, кәсіпкерлік негіз­деріне оқыту, бизнесті қар­жы­лан­дыру сияқты мәселелерге қатысты қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды.

Мәди Ибадуллаевтың айтуынша, берілетін неисенің сомасы өскен, оны өтеу мерзімі ұзартылған, ал пайыздық мөлшерлемесі сол күйінде қалдырылған. Қойылған сауалдарға жауап беру барысында Төлебай Меңдоразов «КазАгро» «Іскер» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Сервистік-дайындау орталықтары, өнімді сақтау мен өңдеу, сол сияқты сүт пен етті өндіру ісі де несиелендіріледі. Қаржылай қолдау қоры «Ынтымақ» салалық бағдарламасы шеңберінде көмек көрсетілеті де айтылды. 


Көріністер:  5090

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 14.03.2017 09:25

Өзгертілген күні: 14.03.2017 09:29:47

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх