Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Жетісулық ардагерлерді Астанаға шығарып салды

Жетісулық ардагерлерді Астанаға шығарып салды

Жетісулық ардагерлерді Астанаға шығарып салды

Салтанатты кездесуде ардагерлерді құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев:

- Құрметті ардагерлер! Сіздерді Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Сіздердің ерліктеріңіз бен еселі еңбектеріңіздің алдында басымызды иіп, алғысымызды айтамыз. Дендеріңіз сау, жастарыңыз ұзақ, заманымыз тыныш болсын! - деді.  

Шара барысында 3 ардагерге мемлекеттік наградалар тапсырылды. Атап айтқанда, Алакөл ауданының ардагері Рабат Тегісбаев «Құрмет» орденін, ілелік Тәңірберген Толғанбаев пен Сарқан ауданынан келген Берлібек Ысқақов «Ерен еңбегі үшін» медальдарын кеуделеріне тақты. Сонымен қатар өзге де ардагерлерге мерейтойлық медальдар табыс етілді.

Кездесу соңы ардагерлерді Астанаға жүретін поезға салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімімен  қорытындыланады.   

Жетісулық екі ардагер - Сейітхан Исаев пен Солтанбай Жарықбасов мемлекеттік награданы Астана қаласында Елбасының қолынан алады деп күтілуде.


Көріністер:  1846

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.05.2015 18:20

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:57

Тізімге қайта оралу


Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх