Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC

Жетістіктер жалғасатын жыл болсын!

Жетістіктер жалғасатын жыл болсын!

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың Жаңа 2020 жылмен құттықтауы

 

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

 

Сіздерді Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жарқын мерекені біз отбасымызбен бірге, жақын жандарымыздың ортасында қарсы аламыз. Өткен жылды қорытындылап, болашағымызға жоспар жасаймыз, ең аяулы армандарымызды үкілеп, үміт артамыз.

2019 жыл маңызды оқиғаларға, тынымсыз еңбекке толы жыл болды. Бұл жылды біз жақсы көңіл күймен шығарып салдық, себебі 2019 жылда біздің облысымыздың жеткен жетістіктері аз емес. Бұл табыстардың барлығы да – Жетісу халқының еңбексүйгіштігінің, жауаптылығы мен кәсіби біліктілігінің жемісі.

2020 жыл даму жолымыз жалғасатын, бірлік пен берекеміз нығаятын, ойға алған барлық арман-мақсаттарымыз орындалатын кезең болады деп сенемін.

 Құрметті жерлестер!

Жайдарлы да жарқын жаңа жылдық мерекеде облыс өміріндегі белсенділіктеріңіз үшін, маңдай тер, еселі еңбектеріңіз үшін, елжандылықтарыңыз бен ізгі пейілдеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғыс білдіремін.

Жаңа жыл баршаңызға жаңа үміттер, жарқын сәттер, жақсылықтар сыйласын! Әр отбасына шаттық пен қуаныш, молшылық пен береке алып келсін!

Бәріңізге мықты денсаулық, сарқылмас бақыт тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

 


Көріністер:  279

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 31.12.2019 11:43

Өзгертілген күні: 31.12.2019 11:47:35

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх