Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC

Жетісулықтар 2020 жылды жарқын жүзбен қарсы алды

Жетісулықтар 2020 жылды жарқын жүзбен қарсы алды

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында Жаңа 2020 жылды қарсы алуға арналған мерекелік шаралар өтті. Жаңа жыл мерекесімен жетісулықтарды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Мереке Жаңа жыл туралы театрландырылған көрініспен басталды. Аяз Ата, Ақшақар, өтіп бара жатқан және келе жатқан жылдарды кейіптеген актерлар, әртістер, бишілер, музыканттар көрермендерге қызықты шоу бағдарламалар сыйлады.

Талдықорғандықтар мен қала қонақтарын құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктеріне қысқаша тоқталып, мерекелік тілегін білдірді:

- Осы мереке күндері сіздерге облысымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқандарыңыз үшін, еңбекқор да елжанды қасиеттеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біз бірлесіп атқарған жұмыстарымыздың арқасында қол жеткізген табыстарымызбен мақтана аламыз. Осы береке-бірлігіміздің арқасында 2020 жылы да алға қойған міндеттерді абыроймен орындаймыз деп сенемін. Жаңа жыл баршаңыздың шаңырақтарыңызға жақсылық, сәттілік пен бақыт әкелсін! Жаңа белестерге бастап, ойға алған арман-мақсаттарыңызға жеткізсін! Бәріңізге зор денсаулық, қуаныш, бейбіт өмір, молшылық, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын! – деді облыс әкімі.

«Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әртістері дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама және кең ауқымды от шашу мерекені әдемі түйіндеді.

Шара барысында Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов үздік жаңа жылдық безендіру конкурсының жеңімпаздарын марапаттағанын атап өтуге болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  209

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 31.12.2019 23:26

Өзгертілген күні: 05.01.2020 15:29:59

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх