Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +5 oC

Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталовтың 2020 жылғы 19 ақпандағы халық алдындағы есептік баяндамасының тезистері

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының 2019 жылғы қызметі халықты толғандыратын мәселелерді шешуге және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген міндеттерді іске асыруға бағытталған болатын.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде «Facebook», «Instagram», «Telegram», «Twitter», «Instagram» әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде жұмыс істейтін және халықпен кері байланысты қамтамасыз ететін облыс әкімінің, барлық аудандар мен қалалар әкімдерінің аккаунттары құрылды.  

Әкімдіктің www.zhetysu.gov.kz сайтында облыс әкімінің блогы www.egov.kz платформасында жұмыс істейді. Күн сайын өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке алу және оларға жауаптарды орналастыру жүргізіледі.

2019 жылы облыс әкімінің блогына 535 өтініш келіп түсіп, оларға уақытылы жауаптар берілді. Виртуалды қабылдауға 146 адам өтініш білдірді, әлеуметтік желілер арқылы 173 өтініш түсті. Тұрғындарды баспана, жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, жолдарды жөндеу, су және газбен жабдықтау, денсаулық сақтау мәселелері толғандырады.

Облыс басшылығының жеке қабылдауында 905 адам болды, оның ішінде 204-і оң шешім алды, 701- іне түсініктеме берілді, сондай-ақ 21 адам онлайн-режимде жүгінді.

2019 жылғы 21 қарашада облыста барлық деңгейдегі әкімдердің азаматтарды Бірыңғай (Ұлттық) қабылдау күні өткізілді. Облыс әкімі –          79, қалған әкімдер 1683 адамды қабылдады, олар тұрғын үй беру бойынша – 337, әлеуметтік қорғау – 327, жер және жер пайдалану – 323, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 322, білім беру және мәдениет – 40, кәсіпкерлік – 32, құқық қорғау саласы – 2 және басқа да – 300 мәселелерді көтерді.

     Оның ішінде 210 өтініш оң шешімін тауып, 1473-і бойынша түсініктеме берілді.

Қабылдау барысында 75 жазбаша өтініш беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Аталған іс-шара БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Өткен жыл ішінде облыс әкімі Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласында азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізіп, онда 59 адам қабылданды және барлығына түсініктеме берілді.

Халыққа қолайлы жағдай жасау үшін Қаратал, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Райымбек аудандарында және Талдықорған қаласында «Сервистік әкімдіктер» ашылды.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінде, барлық аудандық және қалалық әкімдіктерде, 238 ауылдық округтерде «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңселері іске қосылды. Жұмыстың сапасын жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдардың         820 басшысы «Open Space» үлгісі бойынша бірінші қабаттардағы кабинеттерге ауыстырылды.

Тұрақты негізде халықтың ақпараттандырылуын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 141 баннер орналастырылды,                  30000 брошюра таратылды, 61 мыңнан астам адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен қамтылды.

Облыс тұрғындарына 190 түрі бойынша 7,8 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде – 1,2 млн. (16,3%), электрондық түрде – 6,3 млн. (80,2%) және ХҚКО арқылы – 276 мың (3,5%).

2045 өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды«connectionpoint» (электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету), олар арқылы 320 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Облыс әкімдігінің отырыстарында тоқсан сайын әкімдердің есеп беру барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру барысы туралы мәселе қаралды.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда 781 есеп, оның ішінде облыс әкімінің, аудандар мен қалалар әкімдерінің 274, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің 507 есептері өткізілді.

Есептік кездесулер барысында 619 ұсыныс енгізілді (2018 жылы – 411), оның ішінде: 111 жолдарды жөндеу және салу, 95 елді мекендерді электрмен жабдықтау, газдандыру және телефондандыру, 74 білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерін жөндеу, салу, 60 ауыз су мәселесі, 47абаттандыру, санитарлық және экологиялық жағдай, 6 тұрғын үй қатынастары, 22жер қатынастары, 204 – басқа да мәселелер.

Есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша 271 сұрақ бойынша түсініктеме берілді, 348 іс-шаралар жоспары әзірленді, олар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

2019 жылы облыс әкімінің есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына     12 сұрақ енгізіліп, олардың барлығы орындалды.

Сөйтіп, Балқаш көлі жағалауының инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

«Кербұлақ ауданы Еңкөл-Аралтөбе су қоймасын күрделі жөндеу» жобасына түзету жүргізілді, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Балқаш ауданы Бақанас ауылында 20 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің теңгеріміне берілді.

Талдықорған қаласының «Үйтас» саяжайында 22,5 км сумен жабдықтау желілері салынды. Жұмыстарды толық аяқтау мерзімі 2020 жылдың қыркүйек айы.

Талдықорған қаласы Ғ. Орманов көшесіндегі № 43 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қаскелең қаласындағы 120 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үйлерде блокты-модульді қазандықтарды орнату үшін 15,3 млн.теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Панфилов ауданы Пенжім ауылында дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталады.

Ұйғыр ауданындағы «КазРосБройлер» құс фабрикасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Газ құю цистерналарының және газ жолдарының шұралары толығымен жаңартылып, сыртқы және кварталішілік жарықтандыру орнатылады. Мал сою, инкубаторлық цехтар мен корпустарды (72 құс қорасын) жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.    2020 жылғы ақпан айының соңында жұмыртқа салу және жылына 5 мың тонна құс етін шығару жоспарлануда.

Туризм басқармасы «Шарын» ұлттық паркінің айналасында туристік инфрақұрылым нысандарын салу үшін инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

«Текелі қаласындағы қалдық қоймасын қалпына келтіру» жобасын іске асыру үшін ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 1 млн.теңге бөлінді. Іске асыру мерзімі 2020 жылғы желтоқсан.

Аудан және қала әкімдерінің есептік кездесулері бойынша               іс-шаралар жоспарына 171 ұсыныс енгізілді, олардың барлығы толығымен шешілді.

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша барлығы        165  іс-шара іске асырылды.

Іс-шаралар жоспарының орындалуы тоқсан сайын облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктердің отырыстарында қаралып, БАҚ-да жарияланды.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 13 қарашадағы №784 Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

2019 жыл ішінде «Жетісу жастарының жарқын істері» іс-шаралар жоспары жүзеге асырылды, оның аясында 600 мың адамды қамтитын 1585 іс-шара өткізілді.

«Өмірдің толқынында бол!», «Менің Қазақстаным: студенттік көктем-2019» студенттік жастар фестивалі, «Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» жас мемлекеттік қызметкерлер форумы, ауылдық, жұмысшы жастардың «Ауылым алтын бесігім» акциясы және жас отбасылар арасында «Жас отау» байқауы өткізілді.

2019 жылы 29 жасқа дейінгі жастар арасынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 20,3 мың, оның ішінде, «Еңбек» бағдарламасы аясында тегін кәсіптік-техникалық біліммен 1535, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 2795 адам қамтылды. 283-і шағын несие алды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1663, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 1595 адам оқытылды.

Жастар арасынан жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 85 адам     100 АЕК-ға дейін, 1424 адам 200 АЕК-ға дейін грант алды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы облыс бойынша әлеуметтік - экономикалық дамудың оң серпіні байқалады.

Жалпы өңірлік өнім 2019 жылы бағалау бойынша 4,5% өсіммен          3 019,8 млрд.теңгені, жан басына шаққанда 1 475,4 мың теңгені құрады.

Өнеркәсіпте 949 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 106,4%-ті құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде сусындар өндірісі 12,7% - ке, жеңіл өнеркәсіп – 29% - ке, қағаз және қағаз өнімдері – 5,6% - ке, фармацевтикалық өнімдер –20,1% - ке, дайын металл бұйымдары – 38,9% - ке және машина жасау –    60% - ке өсті.

49 жаңа нысан іске қосылды, 25 жұмыс істеп тұрған өндіріс кеңейтілді, қосымша 1604 жұмыс орны құрылды.

Индустрияландыру картасы аясында 638 жұмыс орнын құрумен сомасы 9,8 млрд. теңгеге 6 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде ірілері: Талдықорған қаласындағы «Жетісу Мажико агрокешені» майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты, Жамбыл ауданындағы «Империя Фуд» ет комбинаты, Қапшағай қаласындағы «Құмсуат Фарм» фармацевтикалық зауыты, Панфилов ауданындағы  «QazProdGroup»  аяқ киім зауыты.

«Лукойл» ресейлік трансұлттық компаниясының қатысуымен қуаттылығы жылына 100 мың тонна болатын майлау материалдарын өндіретін ірі экспортқа бағдарланған зауыт пайдалануға берілді (инвестициялар – 36,3 млрд.теңге, 225 жұмыс орны).

«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша сомасы 72,8 млрд.теңгеге 154 басым жоба пысықталуда. Оның ішінде сомасы 11,1 млрд.теңгеге 47 жоба мақұлданды, сомасы 26,6 млрд.теңгеге 45 жоба екінші деңгейлі банктердің және  аграрлық-кредиттік корпорацияның қарауында жатыр. Сомасы 29,8 млрд.теңге болатын 46 жоба-құжаттарды жинау және қайта қаржыландыру, 16 жоба – бизнес-жоспарлар әзірлеу сатысында.

Нәтижесінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіптегі жергілікті қамту үлесі 60% - ті, жиһаз жасау – 61% - ті, құрылыс материалдары бойынша – 85% - ті, тамақ өнеркәсібінде – 81% - ті құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,4% өсіммен       852 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бағалау бойынша бір адамға шаққанда 2150 мың теңгені немесе 2018 жылға қарағанда 124,4%-ті құрайды.

Саланы қолдауға 48,2 млрд.теңге бағытталған, соның ішінде              43,1 млрд.теңге – субсидиялар.

76,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сомасы 20,9 млрд. теңгеге      49 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 5 нысан – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бойынша. Нәтижесінде тамақ өнімдерін шығару көлемі 3% - ке артып, 227,9 млрд.теңгені құрады.

20 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы өндіріс толығымен автоматтандырылған. Осылайша, 11 сүт фермасында сиыр сауатын роботтар, мал жаюда күн панелдерін (ақылды жайылымдар) пайдаланатын электр қоршау,  жылыжай кешендерінде гидропоника (өнімді топырақсыз ортада өсіру) компьютерлік жүйесін басқару технологиялары, қант қызылшасын жинау үшін 14 цифрлық комбайн қолданылады.

19,3 мың га суармалы жерлер қалпына келтірілді, Балқаш ауданының Тасмұрын су бөгетіне, Жамбыл ауданының «Әйтек»  және Райымбек ауданының «Үкірші» магистральды каналдарына күрделі жөндеу жүргізілді. Қызылағаш су қоймасын қайта жаңарту жұмысы аяқталды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 7,3 мың гектарға ұлғайтылып,  961,6 мың гектарды құрады, оның ішінде жүгері 1,6 мың гектарға артып, 81,7 мың гектарға жетті, қант қызылшасы 2,7 мың гектарға артып,  14 мың гектарды құрады.

Ылғал үнемдейтін технологиялар алаңы 150,5 мың, су үнемдейтін технологиялар 17 мың гектарға дейін жеткізілді.

Орташа өнімділігі 31 ц/га көрсеткішімен 1411,9 мың тонна дәнді дақылдар, оның ішінде орташа өнімділігі 68 ц/га болатын 555,8 мың тонна дәнді жүгері жиналды.

Қант қызылшасын өндіру көлемі 19% -  ке  – 441,5 мың тоннадан 525,5 мың тоннаға дейін артты. 2018 жылға қарағанда 21,4% өсіммен 51 мың тонна қант өндірілді.

Мал шаруашылығында малдың барлық түрлерінің саны өсті.          69,6 мың басқа арналған 103 бордақылау алаңы және 22,5 мың басқа арналған 76 сүт фермасы жұмыс істейді. 7,8 мың тонна ет экспортталды, оның ішінде ІҚМ еті – 2,8 мың.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,8% өсіммен 122,4 мың бірлікті құрады, онда 253,5 мың адам жұмыс істейді немесе жұмыспен қамтылған халықтың 3,6%. Шағын және орта бизнес субъектілерінен 113,4 млрд. теңге салық түсті, бұл 2018 жылға қарағанда     1,3 есе көп.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында сомасы 8,3 млрд. теңгеге 1973 адам шағын несие алды.

16 аудан мен Текелі қаласында кәсіпкерлерді қолдау Орталықтары (КҚО), Қапшағай және Талдықорған қалаларында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Мемлекеттік бюджетке 509,3 млрд.теңге түсті, бұл 2018 жылға қарағанда 31,7% – ке артық, оның ішінде жергілікті бюджетке – 226 млрд. теңге немесе 111,7% - ке артық.

Облыс бюджеті 547 млрд. теңгені құрады. Шығындардың жалпы сомасындағы ең үлкен үлес салмағын әлеуметтік - мәдени саланың шығыстары – 54,2% (білім беру37,8%, денсаулық сақтау – 3,2%), ауыл шаруашылығы – 11,7%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 9,9% алады.

Облыс аумағында сыйымдылығы 27 мыңнан астам адам болатын       781 туризм объектісі жұмыс істейді.

2019 жыл ішінде облысқа 2,3 млн. адам келді, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 18,7% - ке көп.

3,8 млрд. теңге жеке инвестицияға арналған 48 туристік нысан пайдалануға берілді.

Алакөл көлінің жағалауын дамыту жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. 2019 жылы көлде сомасы 2,6 млрд.теңгеге 35 туризм нысаны пайдалануға берілді, 187 жаңа жұмыс орны ашылды, қызмет көрсетілген келушілер саны 1,3 млн. адамнан асты, бұл 2018 жылға қарағанда 1,3 есе көп.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 641,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 107%. Инвестициялардың негізгі көлемі – 517,8 млрд. теңге немесе 80,8%-і бюджеттен тыс қаражат есебінен игерілді.

40 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, құны 4,9 трлн. теңгеге 422 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды. Оның ішінде 2019 жылы сомасы 94,1 млрд.теңгеге 1507 жаңа жұмыс орнымен        26 нысан іске қосылды.

Облыста 2,2 мыңнан астам жұмыс орнымен трансұлттық компаниялардың қатысуымен республика бойынша 19 жобаның 9-ы іске асырылуда, инвестиция көлемі 156,1 млрд. теңге. Оның ішінде 53,8 млрд. теңгеге 3 нысан іске қосылды («ЛУКОЙЛ» ЖШС, «МАРЕВЕН ФУД», «WILLO» ЖШС). Сонымен қатар, қуаты 100 мВт күн электр станциясы («ENEVERSE KUNKUAT») пайдалануға берілді.

Нәтижесінде шетелдік инвестициялар 1,6 есеге өсті және 130,5 млрд.теңгені құрады (2018 ж. – 79,1 млрд. теңге).

Республикадағы жалғыз құрғақ порты бар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» ШЫХО облыстың дамуына үлкен серпін береді, онда 44,5 млрд.теңгеге 9 нысан енгізілген.  Болашақта  2 трлн. теңгеге 10 мың жұмыс орнын құра отырып, 140 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Барлығы 25,4% өсіммен 894 мың шаршы метр тұрғын үй берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 73,7 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 903 пәтерлік 300 үй, несиелік – 330, жалгерлік – 553, коммуналдық – 20 пәтер.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша 39 жоба аяқталды,       8329 жер учаскесіне 475,5 км инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілді.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін облыста 35 перспективалы алқаптар анықталды. Жалпы ауданы 61,6 мың шаршы метр болатын            827 пәтерлік 118 коммерциялық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бағдарлама бойынша барлығы 207 пәтер, оның ішінде 179 коммерциялық және                28 несиелік пәтер сатылды. 120,8 млн. теңгеге 150 тұрғын үй сертификаты берілді.

«Нұрлы жер», «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламаларының арқасында 2443 отбасы пәтер алды, оның ішінде көпбалалы отбасылар – 1779.

742 елді мекеннің 674-і (90,8%) орталықтандырылған су жүйесімен,    59 (8,0%) орталықтандырылмаған және 9 (1,2%) тасымалданатын сумен қамтамасыз етілген.

Сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 69 жобаны іске асыруға 8,2 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 47 объектіні қайта жаңартуға және салуға – 7,9 млрд. теңге, 20 елді мекенде 22 нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуге – 237,7 млн. теңге. Нәтижесінде 370 км су құбыры желілері салынып, қайта жаңартылды, 9 елді мекен ауыз суға қол жеткізді, қамтамасыз ету деңгейі 90,8% - ке жетті (674 елді мекен).

Облыстың электр энергиясын тұтыну көлемі 2019 жылы 3,7 млрд. кВт құрады, оның ішінде өз өндірісі – 2,1 млрд. кВт. Жалпы                           27 жаңартылатын электр энергиясы көздерінің объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 18 ГЭС, 6 ЖЭС және жалпы қуаты 888,4 МВт болатын 3 күн электр станциясы.

Жылумен жабдықтауды жалпы қуаты 778 Гкал 33 қазандық жүзеге асырады. Жылу желілерінің ұзындығы 506,8 км құрайды.

2019 жылы Қапшағай, Талдықорған қалалары мен Ескелді ауданының жылу желілерін қайта жаңартуға және салуға 1,1 млрд.теңге бөлінді.

20,3 км жылу желілері салынды және қайта жаңартылды, жылумен жабдықтаудың сапалы қызметтерімен 12,5 мыңнан астам адам қамтамасыз етілді.

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін Талғар қаласында 106 көппәтерлі тұрғын үйге арналған блокты-модульдік қазандықтарды орнату бойынша 15 жоба іске асырылды.

2019 жылы газдандыру деңгейі 30,4%-ті құрады. 800,5 мыңнан астам халқы бар 144 елді мекен газдандырылды.

Облыс бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 3,6 мың км құрайды.

Облысты газдандыруға жұмсалған инвестициялар көлемі                    39,4 млрд.теңгені құрады, соның ішінде 32,8 – жекеменшік, яғни 1 теңге бюджет қаржысына 4 теңге жекеменшік қаражаттан келеді.

2019 жылы облысты газдандыруға бюджеттен 6,6 млрд.теңге бөлініп, 32,8 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылды.

Талдықорған қаласында IV кезектегі кварталішілік желілерді төсеу жұмыстары жалғасуда, барлығы 52 мың абоненттен 9,2 мың абонент қосылған.

58 елді мекенді қамтыған және жеткізуші газқұбырлары бар «Бақанас», «Үштөбе», «Сарыөзек» автоматтық газ тарату станциялары салынды.

Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9610 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар – 2822 км, облыстық маңызы бар – 6788 км).

Жергілікті маңызы бар жолдарды, кентішілік жолдарды салуға және жөндеуге 38,8 млрд.теңге бөлініп, игерілді. 25 км жол құрылысы және қайта жаңарту, 62,5 км күрделі жөндеу, 190,3 км орташа жөндеу, 294 мың шаршы метр ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жүк айналымының көлемі 3,6% - ке өсіп, 8,2 млрд. т/км құрады, жолаушылар айналымы 7,5% - ке өсіп, 16,1 млрд. ж/км құрады.

Көлік қызметтерінің көлемі 572,5 млрд.теңгеден асты, НКИ – 101,0%. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 81% - ке жетті.

Облыста 732 ауыл ішінен  457- сі басымды болып анықталды, оның   151 - і тірек, 306 - сы – спутниктік.

2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 7 тірек аудан орталығында 45 жоба жүзеге асырылды: жалпы сомасы 6,1 млрд. теңгеге        4 дене шынықтыру - сауықтыру кешенін салу, 2 орталық аудандық аурухана, 6 білім беру объектілерін, 33 сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру, жарықтандыру объектілерін және кентішілік жолдарды жөндеу.

2020 жылы 14,4 млрд.теңгеге 17 тірек және 4 спутниктік ауылдық елді мекенді қамтитын 43 жобаны іске асыру жоспарлануда.

2019 жылы 48239 жұмыс орны құрылды, оның 31498-і тұрақты. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 3-тоқсанында 4,6%-ті құрады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шараларымен 68,6 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе жоспарға 136,4% қамтылды. Оның ішінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында 32,9 мың өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қамтылды, бос жұмыс орындарына 35,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа әдістемесі бойынша 2019 жылы сомасы 30,7 млрд.теңгеге 50,7 мың отбасыға (257,5 мың отбасы мүшесі) төленді.

Өңірде әзірленген Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жөніндегі әлеуметтік карта аясында жергілікті бюджеттен            3,5 млрд.теңге бөлінді.

Мектептерде тегін ыстық тамақпен 41,4 мың бала немесе 100% қамтамасыз етілді. Көпбалалы отбасылар үшін жоғары оқу орындарына      582 грант бөлінді.

Облыстық бағыныстағы үш қалада (Талдықорған, Текелі және Қапшағай) 42 мың оқушы мен студент, 8 мың көпбалалы ана тегін жол жүруді пайдаланады.

2277 отбасы газға тегін қосылып, 22,6 мың отбасына улы газ датчиктері тегін орнатылды.

Облыста 67,5 мың мүгедек тұрады, стационарлық үлгідегі 10 мекеме жұмыс істейді, олардың қызметімен 2062 адам қамтылды.

Күндізгі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту Талдықорған қаласының, Көксу және Қаратал аудандарының 3 күндік орталықтарының базасында жүзеге асырылады, өткен жылы олар 238 мүгедек балаға қызмет көрсетті.

5450 соғысқа қатысқандар мен мүгедектер санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді, 1350 кресло-арба сатып алынды,  22669 мүгедек көмекшілердің қызметімен қамтылды.

Талдықорған қаласында Тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді. 102 адамға  қызмет көрсетілді.

2014 жылдан бастап облыс орталығында тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 150 орындық Әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істейді, өткен жылы 278 адам қызмет алды.

782 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 797 балабақша, 78 колледж және 3 ЖОО жұмыс істейді. Облыс мектептерінде 38,8 мың мұғалім еңбек етеді, оның ішінде 21,1 мың адам немесе 54,4%-і жоғары және бірінші санатты. 2019 жылы облысқа 1946 жас маман келді.

26 балабақша, 2610 орындық 6 шағын орталық ашылды. 3 жастан           6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98,4% - ке жетті.

2019 жылы 23 білім беру нысанының, оның ішінде 17 мектептің, колледж студенттеріне арналған 4 жатақхананың құрылысы жүргізілді. 31 нысан күрделі жөндеуден өтті. Облыстың 265 мектебінде пилоттық режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде оқытылуда. 52 мектепте роботтық техника бойынша кабинеттер ашылды, онда 5535 оқушы айналысады.

Бүгінгі күнге 38 үшауысымды мектеп бар.

Үкіметтің қолдауымен соңғы бес жылда 30 мың орынға арналған         55 мектеп, 2019 жылы 1800 орындық 5 мектеп салынды. Алайда, олардың саны бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және ішкі көші-қонға байланысты өсу үстінде.

Ағымдағы жылға сегіз мектептің құрылысына 8,0 млрд.теңге бөлінген.

Қосымша 25 млрд.теңге қажет. 24 мектептің құжаттамасы дайын.

Сонымен бірге, жекеменшік инвестиция есебінен мектептер салу мәселесі пысықталуда (жоспар – 9 мектеп, екі мектеп бойынша мәселе шешілген).

33 колледжде 487 кәсіпорынның қатысуымен 25 мамандық пен кәсіп бойынша 2620 студентті қамтитын дуальді оқыту енгізілді.

804 денсаулық сақтау мекемелері бар, оның ішінде мемлекеттік – 641, жекеменшік – 163.

Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 4780 дәрігер мен 14970 медбике жұмыс істейді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 24,2, орта медицина қызметкерлерімен қамту 74,6-ны құрайды.

Жамбыл ауданының Тарғап а., Іле ауданының Түймебаев а., Қарасай ауданының Батан а. және Ұйғыр ауданының Көлжат ауылдарында                   4 дәрігерлік амбулатория салынды. Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен                  4 млрд.теңге бөлінді.

Цифрландыру бойынша облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде интернет желісіне 100% қол жеткізу қамтамасыз етілді, аудандық деңгейден төмендері – 83,7%.

Қағазсыз құжат айналымы 53 медициналық ұйымға енгізілді, электрондық денсаулық паспорты 1992,6 мың адамға немесе халықтың жалпы санының 97%-іне (2054,2 мың адам) жасалды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде 2054,4 мың адам тіркелген. Барлық медициналық ұйымдар МӘМС жүйесіне көшті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 0,3% - ке, қатерлі ісіктерден қайтыс болу 1,3% - ке, туберкулезден 7,7% - ке төмендегені байқалады.

Облыста 577 мемлекеттік мәдениет және архивтер мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде 247 мәдениет үйі мен клубтар, 278 кітапхана, 25 музей, 2 галерея, 20 архив, Бикен Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, Халық шығармашылығы орталығы, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы бар. 88 халықтық және үлгілі ұжымдар мен 1463 үйірме бар. 2019 жылы Кеген ауданында 9 кітапхана, Панфилов ауданы Головацкий ауылында мәдениет үйі ашылды.

Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылындағы мәдениет үйі қайта жаңартылды, Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, Балқаш ауданы Құйған ауылындағы мәдениет үйі жөнделуде.

Мәдениет және архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 350,6 млн.теңге бағытталды. 58,7 мыңнан астам түрлі іс-шаралар өткізілді.

Облыста 3587 спорт ғимараттары жұмыс істейді, оның ішінде 2 спорт сарайы, 50 бассейн, 25 стадион, 26 теннис корты, 19 хоккей корты, 2 шаңғы базасы, 7 ипподром және басқалар бар.

69 спорт түрінен 42 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, оқушылар контингенті 37519 баланы құрайды, 2019 жылы Қарасай ауданының Шамалған ауылында БЖСМ ашылды.

Олимпиада резервін даярлау орталығында спорттың 8 түрінен            144 спортшы, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп - интернатта спорттың 15 түрінен 662 тәрбиеленуші шұғылданады. 2019 жылы Қарасай ауданының Шамалған аулында және Кеген ауданының Кеген ауылында 2 спорт кешені пайдалануға берілді.

Ауылдық жерлердегі тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту үшін барлық ауылдық округтерде спорт бойынша әдіскерлер жұмыс істейді, барлығы 1193 спорт алаңы, оның ішінде 2019 жылы 24 спорт алаңы жабдықталды.

1 еңбек сіңірген спорт шебері, 34 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 173 спорт шебері және 998 спорт шеберіне үміткер, 425 бірінші санаттағы спортшы дайындалды, спортшыларымыз халықаралық және республикалық жарыстарда 2537 медальды (906 алтын, 709 күміс, 922 қола) жеңіп алды.

14-29 жас аралығындағы жастар саны облыс бойынша 408 мыңнан астам адамды құрайды, экономикалық белсенді жастар – 287 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 278,1 мың адам. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1%-ті құрайды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2019 жылы               552,9 млн.теңге бөлініп, 1585 іс-шара өткізілді.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 884 жас маман           175 млн.теңгеге көтерме жәрдемақы, 533 маман 1,9 млрд. теңге сомада  тұрғын үй сатып алуға несие алды. 13107 жас кәсіпкер тіркелген.

2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шамамен 1 млн. адамды қамти отырып, 6784 жоба мен іс-шаралар іске асырылды.

«Туған жер» жобасы аясында облыстың демеушілері мен меценаттары 7,3 млрд.теңгеге 120 жобаны іске асырды. «Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 12 спорт нысаны салынды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында            2019 жылы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және энергетика салаларында жалпы сомасы 44,9 млрд. теңгеге 15 шарт жасалды:

- Қарасай ауданы Әйтей ауылында 1200 орындық мектеп салу;

- Қаратал ауданы Қожбан ауылындағы бастауыш мектепті салу және пайдалану беру;

- Талғар ауданында 60 орындық оңалту орталығын салу және пайдалану;

- Қарасай ауданының Шамалған ауылында, Алакөл ауданының Үшарал қаласында, Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу және пайдалану;

- Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейнін салу және пайдалану;

- Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы 3 әкімшілік ғимаратты қайта жаңарту және пайдалану;

- Ескелді және Іле аудандарында, Қапшағай, Текелі және Талдықорған қалаларында көше жарығын жаңғырту.

2019 жылы полиция органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,3 млрд.теңге бөлінді.

Талдықорған қаласының процессинг орталығында жаңа серверлік жабдық орнатылды. Текелі қаласының полиция бөлімі жанындағы жедел басқару орталығының құрылысы жүргізілуде.

Аудандар мен қалалардың қоғамдық орындарында 1268 бейнебақылау камералары орнатылды, оның ішінде Талдықорғанда – 871, Қапшағайда – 300.  

Қабылданған шаралар нәтижесінде барлық бағыттар бойынша қылмыстар саны 16,9% - ке төмендеді.

2020 жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға бағытталатын болады.

Облыс экономикасына шамамен 760 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Сингапур-қытай компаниясының қатысуымен қуаттылығы жылына    1,2 млн.тонна цемент шығаратын «АлаЦем» зауыты (47 млрд.теңге инвестиция, 360 жұмыс орны), «AGRITECH» ЖШС сояны терең өңдеу зауыты (4,3 млрд. теңге инвестиция, 20 жұмыс орны), «Nauryz Agro» ЖШС бройлер бағытындағы құс фабрикасы (6,8 млрд. теңге инвестиция,             450 жұмыс орны),  «Жетісу вольфрамы» кен өңдеу зауыты (94,5 млрд. теңге инвестиция, 350 жұмыс орны), «Прима-құс» құс фабрикасы (40 млрд. теңге инвестиция,402 жұмыс орны) сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар іске қосылатын болады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Феникс Фид Миллс» компаниясы «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында қуаты жылына 60 мың тонна болатын құрамажем зауытын іске қосады      (5,2 млрд.теңге инвестиция, 102 жұмыс орны).

2020 жылы іске қосылған жаңа кәсіпорындар есебінен экспорт көлемі 8% - ке ұлғайып, 378 млн. АҚШ долларына жетеді.

Өнеркәсіп көлемін 2020 жылы 1046 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көлемін – 910 млрд. теңгеге жеткізу көзделген.

53 жаңа өнеркәсіптік өндірісті іске қосу және 27 жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның өндірісін кеңейту нәтижесінде шамамен 2,4 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 129,4 мың бірлікке дейін өсуі күтілуде.

Бұрын шығарылып тасталған суармалы жерлердің шамамен 20 мың гектарын айналымға енгізу жоспарлануда. Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарында 8,8 мың га жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

11 су шаруашылығы нысанын күрделі жөндеуден кейін Талғар, Жамбыл, Қарасай, Іле, Райымбек және Кербұлақ аудандарында 2,7 мың гектар жер айналымға енгізіледі, осы мақсатқа облыстық бюджеттен            1,4 млрд.теңге бөлінді. Бұдан басқа, «Қазсушар» РМК-ның 2 филиалының күшімен 8,5 мың га суармалы егістік қалпына келтіріледі.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі ағымдағы жылы 4,8 мың гектарға ұлғайып, 966,4 мың гектарға жеткізіледі, оның ішінде қант қызылшасы – 2 мың гектарға (2019 ж. – 14 мың, 2020 ж. – 16 мың га), дәндік жүгері – 1,8 мың гектарға артады.

Панфилов ауданында қуаты 60 мың тонна болатын «Феникс Фид Миллс» ЖШС құрама жем зауыты іске қосылады.

 Германиялық «Бауман» инвесторымен бірлесіп, қуаттылығы жылына 30 мың тонна ұсақ малды терең өңдейтін «Жетісу Қой» ет комбинатын, сондай-ақ америкалық «Тайсон Фудс» компаниясының жалпы инвестиция көлемі 190 млрд.теңгені құрайтын ет өңдеу зауытын салу жоспарлануда.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жиынтық қуаты 90 мың тонна болатын майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша үш зауыт салу жоспарлануда (Іле ауданы «Агритич» ЖШС, Қарасай ауданы «Санагро» ЖШС және Талдықорған май өңдеу зауыты).

2020 жылдан бастап Ақсу және Көксу қант зауыттары қант құрағы шикізатын қайта өңдеуге кіріседі. Бұл 2023 жылға қарай 300 мың тоннаға дейін ақ қант өндіруге және ел сұранысының 70% - ін жабуға мүмкіндік береді.

Ет, сүт өнімдерін, консервіленген көкөністер мен жемістерін, уыт пен крахмалды жеткізу көлемінің артуы есебінен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 12% - ке ұлғайып, шамамен 115 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 938,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 147,7 мың шаршы метр.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 35 массив анықталды, онда           2025 жылға дейін жалпы ауданы 4,3 млн.шаршы метр болатын 115,6 мың пәтерлік       2 мыңнан астам коммерциялық үй салу жоспарлануда, оның ішінде 4,7 мың пәтер (279,8 мың шаршы метр) аталған бағдарлама бойынша сатылатын болады.

Ағымдағы жылы 1358 пәтерлі 51 коммерциялық үй салынады         (91,6 мың шаршы метр), оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша     726 пәтер сатылады. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бағдарламаға қатысушылар үшін 368 пәтер (несиелік тұрғын үй) бөлу қарастырылған.

Жалпы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1094 коммерциялық және несиелік пәтерлер іске асырылатын болады.

Облысты газдандыру бойынша мақсатты жұмыстар жалғастырылады.

Ағымдағы жылы Текелі қаласында, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Ескелді аудандарының елді мекендерінде кварталішілік желілердің құрылысы басталады. 231,8 мың тұрғыны халқы бар Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын және 74,4 мың адам тұратын Кеген, Райымбек аудандарын қамтитын «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбыры құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Осы жұмыстар аяқталған соң облыс бойынша газдандыру деңгейі 54,2% - ке дейін жеткізіледі, көгілдір отынға 1,4 млн. адам қол жеткізе алады.

2020 жылы Іле ауданында органикалық және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2 зауыт салу жоспарлануда:

- «Waste Energy Kazakhstan» ЖШС қазақстандық-испандық компаниясымен бірлесіп, «Мериолизис» жасыл технологиясы бойынша қуаты жылына 120 мың тонна болатын толық циклді қоқыс өңдеу зауытын салу; инвестициялардың жалпы көлемі – 41,8 млн. еуро;

- қуаты жылына 100 мың тонна болатын «ZORBIOGAZ» ЖШС қоқыс өңдеу зауытын салу, онда одан әрі жағу арқылы биогаз алу және электр энергиясын, сондай-ақ биокарбон мен тыңайтқыштарды алу үшін  органикалық қалдықтарды толық өңдеу технологиясы қарастырылған; инвестиция көлемі –7,5 млн. еуро.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3 жобаны аяқтауға және Талдықорған қаласының жылу желілерін қайта жаңартуға 1,5 млрд.теңге бөлінді.

Облыстық бюджеттен Талдықорған қаласындағы №3 кварталдық қазандықты қайта жаңартуға және табиғи газға ауыстыруға 1,1 млрд. теңге қарастырылды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Жамбыл ауданының 2 жобасын аяқтауға, Еңбекшіқазақ ауданының электр желілерін қайта жаңарту мен салуға жергілікті бюджеттен 435,6 млн.теңге бағытталды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының тұрғын үй аймағын электрмен жабдықтау жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 200,7 млн.теңге бөлінді.

2020 жылы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамтуды 31,0% – ке арттыру, БЖСМ-де айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамтуды 11,1% - ке дейін жоғарылату жоспарлануда. 16-дан астам ірі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, 9 республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу жоспарланған.

Еріктілер жылы аясында «Сабақтастық» («Преемственность»), «Саулық» («Здоровье»), «Таза әлем» («Чистый мир»), «Асыл мұра» («Наследие»), «Қамқор» («Забота»), «Білім» («Знание»), «Үміт» («Надежда») бағыттары бойынша іс - шаралар өткізу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша жұмысқа ерікті-заңгерлерді тарту жоспарлануда.

Ағымдағы жылы білім беру нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде 8 мектепте үш ауысымды оқытуды жою үшін – 8,1 млрд. теңге көзделген (Жамбыл ауданы Қасымбек а., Жайсаң а., Іле ауданы Түймебаев а., Қарасай ауданы Қараой а., Жәпек батыр а., Қосөзен а., Боралдай к., Шамалған а.).

2020 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100% - ке жеткізу жоспарлануда. Облыстың 356 мектебінде ғимарат ішіндегі әжетханалар кезең-кезеңімен орнатылады, барлық білім беру нысандары бейнекамералармен қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтау саласында 14 нысан салынып, Қаратал және Панфилов аудандық ауруханаларына, Көксу ауданы Алғабас ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Мәдениет саласында Балқаш ауданы Құйған ауылындағы мәдениет үйін жөндеу жұмыстары, 9 мәдениет нысанын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады.

2020 жылы Абайдың 175 жылдығына және Әл - Фарабидің          1150 жылдығына арналған «Тіл – ғұмыр» атты облыстық конкурс жоспарланып отыр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі, Ахуалдық орталық және Өңірлік геоақпараттық жүйе енгізілетін болады. 10 шаруашылықта нүктелі егіншілік элементтерін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жалғастырылады (Ескелді, Талғар, Қарасай, Панфилов аудандары мен Талдықорған қ.). 2022 жылға дейін 160 «цифрлық» деңгейдегі ферма құрылады және бұл олардың табыстылығын кем дегенде екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде осындай 19 ферма жұмыс істейді.

«Smart Taldyqorgan» жобасы шеңберінде «Кері байланыс» ақпараттық жүйесі енгізіліп, 48 қалалық және жекеменшік сервистерді қосу мүмкіндігі пайда болады.

2020 жылға белгіленген жоспарларды іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпінін сақтауға және халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх